• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:19:39
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 NEWS

Алматы облысында ауыл әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр (видео)

Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, Көлбай ауылының әкімі - Шакеров Ержан Шакерулы . 06 желтоқсан 1980 жылы Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Көлбай ауылында дүниеге келген.   2005 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университтетінің Физика және информатика пәнінің мұғалімі мамандығын тәмәмдаған. 2001 жылы Көлбай орта  мектебінің  информатика  пәнінің  мұғалімі,  2003 жылы Көлбай орта мектебінің  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2006 жыл Алматы қаласында Казкоммерцбанк АҚ-ның кешкі кассиры, 2007 жылы Казкоммерцбанк АҚ-ның бухгалтер  кассиры, 2013 жылы Көлбай ауылдық клубының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2016 жылыдың  11 қарашасынан бастап Көлбай ауылдық округінің  әкімі.     

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір