• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:10:41
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

Алматы Денсаулық сақтау басқарма басшысы дәрі тапшылығы мәселесін айтты

Биыл Алматы қаласы 29 млрд теңгеге өтінім берген. Алайда, республикалық бюджеттен 15,9 млрд теңгені қысқартып тастады

Алматыда дәрігерлер туберкулезбен ауыратын науқастарға қажетті тегін дәрі-дәрмектің таусыла бастағанын айтып, дабыл қағуда.

Бұл мәселені Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов көтерген болатын.

Оның айтуынша, тегін дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі былтыр күзден басталған.

«2017 жылы дәрі-дәрмекпен амбулаториялық қамтуға Республика бюджетінен 16,5 млрд теңге бөлінген болатын. Алайда, бұл қаражат жетпеді. Соның кесірінен тапшылық туды. Биыл ҚР ДСМ 2 айға қажетті 1,1 млрд теңгенің орнына 894 млн теңге ғана бөлген болатын. Осылайша, жазылған рецепттердің 70 пайызы ғана қамтамасыз етілді. Қалғанына дәрі жетпеді», - деді Серікбол Мусинов.

Биыл Алматы қаласы 29 млрд теңгеге өтінім берген. Алайда, республикалық бюджеттен 15,9 млрд теңгені қысқартып тастады.

Қала әкімдігі 9,1 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді.

Басқарма басшысы туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі де ушығып тұрғанын айтты. «Туберкулезбен ауыратындарға дәрі-дәрмек алынған жоқ. Маусым айында олардың қоры таусылады. Бірақ, ондай олқылықты болдырмас үшін әрекет етіп жатырмыз. Жалпы алғанда 433 атаудың 5-і  бойынша дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады», - деді С.Мусинов. 

Айта кету керек, былтыр Қазақстанда инсулинге тәуелді диабет науқастарын дәрімен қамту процесі үзіліп қалып, халықтың наразылығын тудырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір