• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:06:50
Алматы
+35°

23 Маусым, 2018 Аймақтар

Алматы әкімдігінде Дін саласына қатысты дөңгелек үстел болып өтті

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамдық сананы жаңғыртудағы дін және діни мәдениеттің рөлін талқылау

22 маусымда Алматы қаласы әкімдігінде қалалық әкімдік ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе ұйымдастырған «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті бағыттарының бірі ретінде «Діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелері бойынша ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы тақырыбындағы» дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамдық сананы жаңғыртудағы дін және діни мәдениеттің рөлін талқылауға, заңның жаңа аспектілері контексінде зайырлы Қазақстандағы діннің функцияларын түсінуге бағытталған.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты С.М. Ершов, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы    Е.А. Оңғарбаев, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Діни ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес мүшелері, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты», Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ғалымдары мен мамандары, сондай-ақ, дін саласындағы қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор А.Қ. Бижанов алғы сөзімен ашты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты С.М. Ершов сөз сөйлеп, өз сөзінде мемлекеттің тұтастығының негізгі қажетті шарттарының бірі конфессияаралық және этносаралық келісім екендігін және бұның шешімі мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын нақты ережеленген құқықтық ережелерді заңды бекіту болып табылатындығын атап өтті. Алматы қаласы әкімдігінің атынан қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Р. Есенбеков сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелде негізгі баяндамашы ретінде Дін істері комитетінің төрағасы Е.А. Оңғарбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға аталған заң жобасының негізгі аспектілерін толық және егжей-тегжейлі баяндамасымен түсіндірді. Өз сөзінде аталған заң жобасы Елбасының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттің саясаттың  2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленгенін және 12 заңнамалық актідегі 53 түзетуден (3 кодекс және 9 заң) тұратындығын атап өтті. Сонымен қатар, сөзінде заң жобасының айтарлықтай маңызды нормалары – дінді деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндіктерін жоюға, дін саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі мемлекеттік органдардың құзыреттіліктерін нақтылауға және діни бірлестіктер қызметін жеңілдетуге бағытталған түзетулер келтірілген деп атап кетті.

Дөңгелек үстел қатысушылары дін саласындағы заңнаманы жетілдірудің қажеттілігін және аталған маңызды құжаттың қабылдануын толықтай қолдап, бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылды.

Осы ретте, А.Қ. Бижанов іс-шара қатысушыларына алғысын білдіріп, талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер ҚР Парламенті Сенатына және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне мұқият қарастыру үшін жолданатындығын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір