• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:56:46
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Халықаралық зерттеушілер тобы Жер бетіндегі ең ежелгі көзді тапты. Жасы 530 миллион шамасында. Бұл туралы Sputnik Эстония хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, көз Эстониядан табылған, әрі су жағалауында өмір сүретін шаяндар мен өрмекшілер типіне жататын трилобутқа тиесілі деген болжам айтылды.

«Тасқа айналған бұл көз ежелгі жануарлардың бірнеше миллион жыл бұрын әлемге қалай қарағанын анықтауға көмектеседі, - деді зерттеушілер тобының мүшесі, профессор Юэн Кларксон. – Көздің құрылымы жарты миллиард жылда мейлінше өзгерген, бұл – таң қаларлық жайт».

Ежелгі көз

Ғалымдардың айтуынша, табылған көз бүгінгі жануарлардың көзқарасымен салыстарғанда әлсіз болып шықты, сондай-ақ көз жанары да болған жоқ. Құрылымына қарағанда ол араның немесе инеліктің көзі болуы мүмкін.

Ежелгі көз

Жарияланымдарда ерекше ашылудың дәл қай жерде болғаны көрсетілмеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір