• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:36:25
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 NEWS

Әлем бойынша алкогольді ең көп ішетін елдер анықталды

Ipsos институты 38 ел тұрғындарының арасында онлайн сауалнама жүргізді

Ipsos институты 38 ел тұрғындарының арасында онлайн сауалнама жүргізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сұрақтар терроризм, жеткіншектер арасындағы қылмыс және маскүнемдік жайлы болды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Ресей әлемдегі алкогольді көп ішетін ел екені анықталған. Сұралған 38 елдің тұрғындарының 43%-ы  Ресей халқын ең көп ішімдік ішетін ел ретінде таниды екен. Одан кейінгі орында 31% көрсеткішпен АҚШ тұр. Ал көшбасшы үштікті 19% дауыспен Германия тәмамдайды.

Сауалнамаға қатысушылардың ойынша, әлемде ішімдікті ең аз ішетін Сауд Арабиясы мен Индонезия. 

Айта кетейік, сауалнамаға қатысушылардың ойы нақты статистикадан алшақ болды. Мәселен, әлемде арақты көп ішетін ел — Бельгия. Онда жылына адам басына 12,6 литр таза спирттен келеді. Одан кейінгі орындарда Франция мен Германия. Десек те Ресей алкогольді ең көп ішетін ондыққа кірді. Ресей бұл көрсеткіш бойынша 7-ші орында.  Респонденттер алкогольді аз ішетін елді дәл тапты.  Сауд Арабиясы мен Индонезияда бір тұрғынға жылына 0,09 литр таза спирт келеді екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір