• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:50:48
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Ағымдағы жылы Бостандық ауданында 24 836 кәсіпорын тіркелген

Жергілікті бюджеттен 4,046 млн теңге қаражат бөлінді, 4,033 млн теңге игерілгендігін (99,6%) мәлімдеді

 

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бекқали Торғаев Бостандық ауданындағы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларына сәйкес, жергілікті бюджеттен 4,046 млн теңге қаражат бөлінді, 4,033 млн теңге игерілгендігін (99,6%) мәлімдеді.

Аудан басшысының ақпаратына сәйкес, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында мемлекеттік кірістер көлемі 273,6 млрд. теңгені құрап отыр. Жоспар 74,0%-ға орындалды. Оның ішінде: республикалық – 182,2 млрд теңге (67,0%) болса, жергілікті – 91,4 млрд. теңге (90%). 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында аталған кәсіпорындармен 67,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (былтырғы жылы осы уақыт аралығында 67,0 млрд. теңге). Жеке индекс мөлшері – 104,1%.

Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданында кәсіпорын өнімдерінің мөлшері 10,4% құрайтынын мәлімдеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 119,9 млрд. теңгеге жетті. Былтырғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 125%-ға өсіп отыр (95,9 млрд. теңге). Бөлшек сауда айналымы 352,2 млн. теңге, ИФО – 141,7%. Көтерме сауда айналымы 1352,9 млрд. теңге, ИФО – 103,1%.

Бостандық ауданында 24836 кәсіпорын тіркелген, қазіргі таңда олардың 12896 тұрақты жұмыс істейді. Жыл басынан бері кәсіпорындарда 2803 жаңа жұмыс орындары ашылды (2016 жылы 2 552 орын.). Жоспар 103,8%-ға орындалды,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір