Ағылшын тілін тегін үйренгіңіз келсе...

Ағылшын тілін тегін үйренгіңіз келсе...
Ⓒzhzh.info

Қазір тіл үйренемін деген адамға мүмкіндік көп. Қалада қаптаған курстар, интернетте түрлі сайттар мен видеолар бар. Әсіресе, ағылшын тілін жетілдіруге арналған пайдалы әрі тегін онлайн курстар мен сайттар баршылық. Соның бірнешеуін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім.

  1. https://writeandimprove.com/. Бұл - ағылшын тілінде қатесіз жазуды үйрететін және ағылшын грамматикасын терең түсінуге таптырмайтын сайт. Себебі қателікті көзге шұқып көрсетіп береді. Оның дұрыс нұсқасын ұсынады. Сонымен қатар жазғаныңызға қарай ағылшын тілінде жазу қабілетіңіз қандай деңгейде екенін көрсетеді.
  2. Http://www.bbc.co.uk/learningenglish/. Бұл сайт сөздік қорыңызды толықтыруға тамаша мүмкіндік береді. Арнайы жаңа сөздерді мәтін немесе видео арқылы үйретеді. Оның дыбысталуын және қалай қолдану керегін түсіндіреді. Бұған қоса, ағылшын тіліндегі сөйлемдерді тыңдап және оны түсіну қабілетіңізді жетілдіру үшін аудио, видео дәрістер бар.
  3. https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/. Ағылшынша сөздерді сапалы әрі нақты аударып береді. Ағылшын тілінің оқытушылары аударма үшін дәл осы сайтты қолдануға кеңес береді. Себебі интернет кеңістігінде аудармаға арналған сайттар мен қосымшалар баршылық, алайда сапалысы аз.
  4. http://ww3.idoceonline.com/. Бұл сайтта да өзіңізге бейтаныс сөздің мағынасын іздеп көре аласыз. Оның артықшылығы - кез келген сөзді іздесеңіз, оны қалай етістікке немесе зат есімге айналдыруға болатынын көрсетеді. Бір сөзді түрлі нұсқада ұсынады.
  5. https://www.newsinlevels.com/. Өзіңізді қызықтыратын тақырыпты таңдап, соған қатысты мәтінді оқи отырып, жаңа сөздерді үйренесіз. Мәтінді тілді білу деңгейіңізге қарай таңдай аласыз. Сөздерге ағылшын тілінде түсіндірме береді. Бұл тілді жақсы меңгеруге және жаңа сөздерді үйренуге ыңғайлы.
  6. https://listen-and-write.com/. Ағылшын тілінде видео дәрістерді көріп, оны сайтта тікелей жазып отыра аласыз. Жазбаңызда қате кетсе бірден ескертіп отырады.
  7. https://www.bbc.com/news, https://www.aljazeera.com/, https://www.youtube.com/user/TEDxTalks. Ағылшын тілінің оқытушылары тілді жетік меңгеру үшін аптасына үш күн курсқа барудан бөлек сол тілде күнделікті видео көріп, аудио тыңдауға, қысқа болса да өзіңізді қызықтыратын тақырыпта мақала оқуға кеңес береді. Оған жоғарыда көрсетілген сайттар көмектесе алады. Күнделікті 15-20 минутыңызды қиып жаңалықтарды ағылшын тілінде тыңдасаңыз нәтижесі көп күттірмейді.
  8. https://learnenglish.britishcouncil.org/en/skills. Бұл сайтта тақырыптарды сұрыптап, оған қатысты сөздерді жинақтаған. Бүгін саяхатқа қатысты сөздерді меңгерсеңіз, келесі видеодан бала, отбасыға қатысты сөздерді білесіз.
  9. https://www.futurelearn.com/. Бұл сайтта тегін онлайн курс оқи аласыз. Бұл курс әсіресе оқытушыларға пайдалы.
  10. http://ww1.howsjay.com/ сайтында грамматикаға басымдық береді. Кәсіби ағылшын тілі, жалпы ағылшын тілі деп сұрыпталған. Сонымен қатар емтиханға да онлайн дайындалуға болады. Оның ішінде IELTS-қа қажетті материалмен таныса аласыз.
  11. http://www.manythings.org. Бұл сайтта оқу, тыңдау, сөздік қорды толықтыру бойынша курстар бөлек берілген. Әсіресе кішкентай балаларға тіл үйретуге ыңғайлы. Себебі ішінде ойын түрінде жаңа сөздерді үйретеді. Курстың қорытындылайтын ойындар бар. Ол миға да қонымды әрі қызықты.
  12. http://a4esl.org/ сайтында грамматиканы меңгеріп, жаңа сөздермен таныса аласыз. Ағылшын тілін енді оқып жүргендерге де ыңғайлы. Себебі грамматика мен сөздер оңай, қиын және өте қиын деңгейлері бойынша сұрыпталған.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Батыс Қазақстан облысында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның рөлін талқылады
    16/07 18:15 0 541
    2
    Алматыда белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесу өтті
    16/07 16:52 0 306
    3
    Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады
    16/07 16:51 0 781
    Емшіден зорлық көрген әйелдің тартқан азабы, көрген қорлығы баяндалған хат
    16/07 16:17 1 2613
    Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуі болжамдалуда
    16/07 16:15 0 244

    Таныстырылғандар

    Рига техникалық университеті қазақстандықтарға 20 грант бөлді
    Рига техникалық университеті қазақстандықтарға 20 грант бөлді
    Рига техникалық университеті қазақстандықтарға 20 грант бөлді
    РТУ-да 15000 студент, оның ішінде 75 елден келген 2000 шетелдік студенттер білім алады.
    25/06/2018 11:29 0 621
    ҰБТ таза "майшелпекке" айналды
    ҰБТ таза "майшелпекке" айналды
    ҰБТ таза "майшелпекке" айналды
    Баянауыл ауданының шенеуніктері пара беру бабы бойынша күдікке ілінді.
    26/06/2018 18:29 4 2277
    "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді
    "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді
    "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді
    «Болашақ» бағдарламасының 25 жылы ішінде 10 096 маман даярланды, оның ішінде 5 мыңнан астамы — магистрлер, 3 мыңға жуығы — бакалавр
    27/06/2018 15:26 0 926
    Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты
    Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты
    Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты
    Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР парламентінің кезекті сессиясының аяқталғанын мәлімдеді.
    29/06/2018 08:59 0 1020
    Қазақстанда виза беру тәртібі өзгереді
    Қазақстанда виза беру тәртібі өзгереді
    Қазақстанда виза беру тәртібі өзгереді
    Қазақстанға келетін шетелдіктердің шақыру қағаздарын тапсыру мерзімі қысқартылды.
    30/06/2018 13:44 0 1444
    Астанада «Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел» форумы өтеді
    Астанада «Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел» форумы өтеді
    Астанада «Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел» форумы өтеді
    Форумды ҚР премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев үкіметте экономикалық мәселелер бойынша маманданған жетекші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жинап отыр.
    30/06/2018 17:19 0 784
    ШҚО-да Зыряновск қаласының атауын Алтай деп өзгертуі мүмкін
    ШҚО-да Зыряновск қаласының атауын Алтай деп өзгертуі мүмкін
    ШҚО-да Зыряновск қаласының атауын Алтай деп өзгертуі мүмкін
    Жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері идеологиялық тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту туралы бастама көтерді.
    05/07/2018 12:11 0 1755
    Еуроодақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияны ұзартты
    Еуроодақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияны ұзартты
    Еуроодақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияны ұзартты
    Еуропалық одақ кеңесі Ресей экономикасының нақты салаларына қарсы санкцияны 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты.
    06/07/2018 13:23 0 463
    "Южандарды" ұнатпайтын прокурордың қызы оңтүстікте бақытын тапты
    "Южандарды" ұнатпайтын прокурордың қызы оңтүстікте бақытын тапты
    "Южандарды" ұнатпайтын прокурордың қызы оңтүстікте бақытын тапты
    «Я с южанами не общаюсь, они все xитрые, никогда не выйду замуж за шымкентского, даже если останусь старой девой» дейді.
    11/07/2018 17:12 0 1323
    Оралда  «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды
    Оралда «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды
    Оралда «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды
    М.Горький атындағы кітапханада Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі кабинеті» ашылды
    11/07/2018 17:20 0 349
    Биыл биліктің рақымына іліккендер мен кешірімінен үміт күткендер (фото)
    Биыл биліктің рақымына іліккендер мен кешірімінен үміт күткендер (фото)
    Биыл биліктің рақымына іліккендер мен кешірімінен үміт күткендер (фото)
    Кеше Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен өткен алқа отырысынан кейін жақсы жаңалықты естіп қуанып қалдық.
    11/07/2018 17:20 0 1633
    Алматыда Қазбілім Орталығының филиалы ашылды
    Алматыда Қазбілім Орталығының филиалы ашылды
    Алматыда Қазбілім Орталығының филиалы ашылды
    Қазір орталықтың 3 оқу ғимараты, 25 дәрісханасы және жеке кітап дүкені бар.
    11/07/2018 22:36 0 421
    Дерті асқынып, дәрмені таусылған Айнұрдың рухы күннен -күнге күшейіп келеді
    Дерті асқынып, дәрмені таусылған Айнұрдың рухы күннен -күнге күшейіп келеді
    Дерті асқынып, дәрмені таусылған Айнұрдың рухы күннен -күнге күшейіп келеді
    «Берілме, бірге жеңеміз» деді күйеуі, «Анашым, сен жанымызға ораласың» деді балалары, «Мен өмір сүремін» деді Айнұр.
    13/07/2018 18:28 1 34155
    Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады
    Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады
    Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады
    Қазақтың оқуы туралы «арзан» деген сөзді қолдану – ақиқатқа қиянат жасаумен бірдей...
    16/07/2018 16:51 0 781