• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:30:06
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Әлеумет

Африкадағы әйелдер қызын зорланудан сақтау үшін жауыз әрекетке барады

«Үтіктеу» әдісі - БҰҰ-ның елеусіз қалдырған әйелдерге қарсы жасалған жауыз әрекеттердің бестігіне кіреді

Африкада көптеген сала дамымай қалған. Құрылықтың әлеуметтік және саяси өмірінде алға ілгерілеу жоқ. Қоғамда әйел құқығын аяққа таптайтын көптеген дәстүр мен үрдіс бар. Оның бірі — ерте есейген қыздардың төсінің өсуін тежеу үшін жасалынатын әрекет. Камерунда мұндай ортағасырлық әдісті хирургиялық жолмен емес арнайы құралдарды пайдаланып жасайтын болған.

Зерттеушілер мен құқыққорғаушылар оны «төсті үтіктеу» деп атайды. Ол қыздың ерте төсі өспеуі үшін жасалады. «Үтіктеу» әдісі — БҰҰ-ның елеусіз қалдырған әйелдерге қарсы жасалған жауыз әрекеттердің бестігіне кіреді. Ол 4 миллионнан астам қызға жасалынған.

Африка әйелдері

Аталмыш әдіс Орталық Африкада ерекше тараған. Халықаралық қауымдастыққа мұндай үрдіс тек 10 жыл бұрын ғана белгілі болған.

Оның шығу тарихы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл әдіс дін немесе әлеуметтік дәстүр негізінде пайда болуы мүмкін.

2006 жылы Германия қоғамы Халықаралық әріптестік және RENATA канадалық үкіметтік емес ұйымымен 10 мен 82 жас аралығындағы 5 мың қыз бен әйелдің арасында сауалнама жүргізді. Соның нәтижесінде, сұралғандардың 25%-ы «үтіктеу» әдісін бастан өткергені анықталды. Камерунның оңтүстік жағында бұл көрсеткіш 53%-ға жетті.

Ребекка Тапскоттың жүргізген зерттеулеріне сәйкес, камерундық қоғамда 200-ден астам түрлі этникалық топ бірдей әдісті пайдаланады.

Зерттеу нәтижесінде «үтіктеу» әдісін ең бірінші болып аналар бастайтыны анықталды. Кейде туыстары, кейде тіпті қыздың өзі сондай әдіске жүгінуді қалайды. «Үтіктеу» әдісін - Камерун, Чад, Конго, Африканың батыс және орталығындағы елдер жиі қолданады. Британияда тұратын камерундықтар да әлі күнге дейін аталған әдісті пайдаланады. Бұл туралы 2013 жылы британық Independent газетінде мақала жарияланған.

Тәжірибе

Newsweek журналында 28 жасында әже атанып үлгерген әйелдің оқиғасы жарияланды. Оның бес қызы бар. Үлкені 14 жасында тұңғышын босанған. Жас ана қалған қыздары мұндай жағдайды бастан өткермеуі үшін 10 мен 7 жас аралығындағы қыздарын адам алақанымен бірдей шөпке арналған тасты алып оны қыздардың төсіне қойып 10 минут бойы шеңбер бойынша үйкелеген.

Бұл Орталық Африкада тарлаған бір ғана әдіс. BBC-ге 2006 жылы шыққан Рэнди Джоның зерттеу мақаласында 26% әйел қатігез әрекеттерді бастан өткеретіні жазылған.

Мұндай әдістің басты мақсаты – төстің өсуін тежеу. Ер адамдардың жеткіншекке көз салмауы үшін жасалады.

Салдары

Жас ана қыздарын зорлықтан, некеден тыс бала босану мен қыздары ерте тұрмыс құрмауы үшін осындай әдісті пайдаланатын болған. Оның салдары қандай болатынын сарапшылар зерттеді. Олардың айтуынша, мұндай әдіс сүт безі қатерлі ісігін, ұлпаның қалыңдап қатаюуына алып келеді. Және «үтіктеу» әдісі төстің өсуіне ешқандай әсер етпейтінін де айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір