• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:18:21
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2017 Фото-баян

Адамзат тарихындағы ең қорқынышты тәж кигізу рәсімі (ФОТО)

Португалдық Ромео мен Джулиетта атанып кеткен I Педро патша мен оның сүйіктісі туралы сөз қозғамақпыз.

Португалдық Ромео мен Джулиетта атанып кеткен I Педро патша мен оның сүйіктісі туралы сөз қозғамақпыз.

1339 жылы IV Афонсу патшаның мұрагері әкесінің бұйрығымен сүймесе де Констанце Кастильскоға үйленеді. Той кезінде Константамен бірге фрейлиндер де келеді. Оның ішінде Инеш де Каштру да бар еді. Болашақ патша мен Инеш бір-біріне бір көргеннен ғашық болып қалады.

7 жыл өткеннен кейін Педроның әйелі босанып жатқан уақытта қайтыс болады. Осыдан кейін патша Инешке деген сезімін жасырмай, оны сарайға алып келіп үйленгісі келетінін айтады.

Педроның әкесі бұл некеге үзілді-кесілді қарсылығын білдіреді. Себебі Инеш Португалияны Кастилийялар билегенін қалайтын кастильский ұрпағына жататын. Сондықтан Афонсу бұл неке соғысқа алып келеді деп қорықты.

Инешті Педродан алыстату үшін сарайдан шығарды, қорқытты, қоқан-лоқы көрсетті. Алайда ғашықтардың махаббаты күшейе түсті.  

Инеш пен  Педроның 4 баласы болды. Егер оның барлығы таққа таласса елде азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін еді. Патшаның кеңесшілері бұл тығырықтан шығудың жолы - Инешті өлтіру екенін айтады.

Афонсу баласын әскери жорыққа жібереді де, Инешке жалдамалы кісі өлтірушілерді жіберді.

Патшаның қаупі тура келді. Азаматтық соғыс басталды. Тек оны бастаушы өзінің ұлы Педро еді. Ол сүйіктісін өлтіруге тапсырма берген әкесінен осылайша кек алды. Екі жылдан кейін патша қайтыс болды. Таққа I Педро отырды.

Ең алдымен жаңа келген патша Инешті өлтіргендерді жазалады. Оларды тауып, жүректерін суырып алған. Осыдан кейін Педро сүйіктісі Инешке үйленеді. 1361 жылдың 25 маусымында неке қию рәсімі өтті. Инештің қайтыс болғанына 6 жыл өткеннен кейін оны саркофагтан алып шығып, той көйлегін кигізіп, таққа отырғызған.

Педро ғашығына тәж кигізді. Осыдан кейін сарай қызметкерлерінің барлығы Инештің қолынан сүйіп, адал болуға уәде берді. Неке қию рәсімінен кейін мәйітті саркофагқа салып, Алькобастағы монастырде қалдырды. Педро мұның барлығын сүйіктісін патшалық зиратқа жерлеу үшін жасаған деген болжамдар бар.

1367 жылы Педро қайтыс болды. Оның өлер алдындағы тілегі бойынша, Педроны сүйтісі Инештің жанына жерледі.

Инеш пен Каштрудың неке қию рәсімі туралы ешқандай құжат табылмаған. Сондықтан көптеген сыншылар мұның аңыз екенін айтады.

Аталмыш оқиға театр сахналарында қойылды. Ал 2009 жылы Францияда «Өлі патшайым» атты фильм түсірілді. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір