• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 03:39:01
Алматы
+35°

Атырау қаласында тасқын судың алдын алу үшін қойылған құм толы қапшықтарды ұрлаған 5 адам ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлады деген күдікпен 4 ер, бір әйел адам ұсталды. Ер адамдардың жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйел 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған", – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған. Қазір күдіктілерге қылмыстық іс қозғалды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: су тасқыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір