• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 10:23:43
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Тоқаев ақбөкендерді атуға тыйым салды

Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді

фото: ашық дереккөзден

Президент Қостанай облысының Қостанай ауданының тұрғындарымен кездескен кезінде су тасқынының зардаптарын жоюға жедел көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстарының уақытылы жүргізілгені үшін алғыстарын білдірді. 

Сонымен қатар осы кездесуде киіктерді атуға тыйым салынатынын айтты.

«Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді»,– делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ ол Тоқаев келесі жылы Алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Арқалық қаласына баруды жоспарлап отырғанын жеткізген.

Айта кетейік, киік атуға былтыр рұқсат етіліп, сосын 10 ақпанда тыйым салынған еді. Алайда биыл күзде Қазақстанда киік атуға қайта рұқсат етілуі мүмкін екені айтылып жүрген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ақбөкен тыйым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір