• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 01:10:10
Алматы
+35°

Ақсай өзеніндегі селден қорғайтын бөгет құрылысы кезінде мердігер компания міндеттерін толық атқармай, бөлінген ақша қолды болған.  Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Бюджет қаражатының ұрлануына байланысты мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Ірі ұрлық сел ұстайтын бөгетті тексеру барысында анықталды. Құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізілмегенінің кесірінен 30 мыңға жуық алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір