• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 02:02:50
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

БҚО тұрғыны үйін монтаж көбігі арқылы аман алып қалды

БҚО тұрғыны Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан аман алып қалды. Бұл туралы тұрғын Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

фото: ашық дереккөзден

БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үй, гараж есіктерін бекітіп, үйін су тасқынынан сақтап қалған.

"Жаңадан салған үйім. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалыстық. Жанұямды эвакуация жасадық. Таң ата сегіздерде жырадан су тез арада кіріп келді. Жылдам әрекет ету керек болды", - дейді ол.

Мағжан Аққожиннің айтуынша, кетерде есік пен гараждың есігін көбікпен бекітіп кеткен.

"Үш күннен кейін қайықпен келіп, үйді қарап, сол кезде түсірілген видео ғой тарап кеткен. Бұл идея аяқасты ойыма келді. Еш жерден оқымадым. Алдын ала дайындалмадым. Себебі су кенеттен келді үйімізге. Бар ойым үйімді сақтап қалу болды", - дейді Мағжан Аққожин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір