• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:50:47
Алматы
+35°

Өткен аптада белсенді Абзал Достияров 20 тәулікке қамалды. Оған қамаудағы журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің соты өткен күні "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағылған. Достияров болса, "сотқа хабар таратуға барғанын айтады. Қызығы Достияров өзі тұратын Алматыға немесе "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" делінген Қонаев қаласына емес, Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы кентіне қамалған.

Одан кейін Астанада құқық қорғаушы, белсенді Айдар Сыздықов 15 тәулікке қамалды деген ақпарат шықты. Оған тағылған айып тіптен қызық. Ол осыдан бір жыл бұрын саяси тұтқындарды босатуды талап еткен әретінде "бейбіт жиын туралы заңды бұзды" деп айыпталған.

Сондай-ақ күні кеше белсенді, "Тәуелсіз бақылаушылар" ұйымының төрағасы Бесжан Төлеубекұлын бұрын тұрған пәтеріне бірнеше полицей іздеп келген. Ол да Думан Мұхаммедкәрімнің сотына барып, журналиске қолдау көрсеткен көптің ішінде болған.

Құқыққорғаушылар бұндай оқиғаларды әдетте азаматтарды саяси ұстанымы мен белсенділігі үшін қудалау деп бағаласа, құзырлы органдар әрекетін заңбұзушылықпен түсіндіреді. Ал заң бұзылмауы үшін бейбіт жиынға рұхсат алыну керек, рұхсат сұраса, көбіне берілмейді. Сәйкестік пе, жоқ па, әйтеуір осының бәрі “Жаңа да әділетті Қазақстан” құрамыз деген кезде болып жатыр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz (@qamshy.media)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір