• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:16:25
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2018 NEWS

7 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

     Солтүстік Қазақстан, ҚостанайАқмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында  жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с аса күшеюі  күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Қарағанды облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел жаяу бұрқасынмен 15-20, екпіні 23-28  м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел жаяу бұрқасынмен 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-25 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір