• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 14:13:00
Алматы
+35°

"Иранның ядролық қару жасап шығуына бірнеше апта қалған болуы мүмкін" деп ескертті АҚШ мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен.

Блинкен өзінің Байден әкімшілігі алдындағы міндеттерін қабылдағаннан кейінгі алғашқы телесұхбатында қатаң ескерту жасады. NBC News тілшісі Андреа Митчеллге берген сұхбатында Блинкен Иранның бірнеше ай ішінде, тіпті, бірнеше апта ішінде ядролық державаға айналуы мүмкін екенін айтты.

– Бұл мәселе күрделене түсуі мүмкін, өйткені Иран келісімнің кейбір шектеулерін бұза берсе, бірнеше аптада ядролық қаруға ие болуы мүмкін... Ол ядролық держава болатын деңгейге жақындады, – деді хатшы.

Бірлескен іс-қимыл жоспары деп аталатын келісім шарттарына сәйкес, Иран өзіне салынған экономикалық санкцияларды жеңілдету үшін ядролық бағдарламасын тежеуге келіскен.

Бұған дейін Иранның Вашингтон күштеріне әскери соққы беру қаупі және Изрильдың ықтимал шабуылға дайындалып жатқаны айтылған. Сондай-ақ АҚШ-тың Орта Шығысқа ядролық бомбалаушылар жібергені жібергені, Израильдің жоғарғы әскери басшысы Иранға шабуыл жасау жаспарына бұйрық бергені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран Вашингтон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір