• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 21:56:05
Алматы
+35°

Ғалымдар ғарышқа сапар шегуге ынталандыратын тағы бір себеп – жаңа астероидтың табылғанын жариялады. 10,000 квадриллион долларға бағаланған астероид "Psyche" деп аталады.

Сирек кездесетін астероид 1852 жылы табылған, бірақ НАСА-ның Хаббл телескобының арқасында аспан денесінің құрамы мен экономикалық құны енді белгілі болды. The Planetary Science Journal ғылыми басылымында жарияланған жаңа зерттеу астероидтың құрамы оның астрономиялық құндылығын көрсететінін мәлімдеді.

Бұл астероид бағасының соңында ұзын сонар нөлдер бар, яғни құны 10,000,000,000,000,000,000 доллар. Есептеулер бойынша, аспан денесі Жершары экономикасынан 70 000 есе құнды. Егер ол астероидты иемдене алсаңыз, әлемдегі ең дәулетті делінген Джефф Безостан 50 миллион есе бай адам боласыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Астероид

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір