• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 12:07:09
Алматы
+35°

АҚШ-тың Сиэттл қаласының мэрі Дженни Дуркан мен президент Дональд Трамп кейбір мәселе бойынша сөзге келіп қалды. Бұл туралы Қамшы тілшісі Әл-Жазираға сілтеме жасап хабарлайды. 

Сиэттл қаласындағы демонстранттар мен қалалық полиция бөлімі келісілген "Капитолий Хилл автономды аймағы" деген қозғалысқа Трамп араласатынын мәлімдегеннен кейін жергілікті билік пен АҚШ президенті арасында келіспеушілік болған.

Трамп мэр Дженни Дуркан мен Вашингтон штатының губернаторы Джей Инслиге "қалаңызды ҚАЗІР қайтарыңыз. Егер сіз оны жасамасаңыз, мен солай етемін" деп ескерту жасаған. Артынша твиттерінде "бұл ойын емес. Бірден және тез арада ұнамсыз анархистерді тоқтату керек" деген мазмұнда жазба жариялады.

Бейсенбі күні мэр Дженни Дуркан Трампқа "бәрімізді қауіпсіз етіңіз. Бункеріңізге қайтыңыз" деп жауап берген.

Ал Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли "басқаруға мүлдем қабілетсіз адам Вашингтонның жұмыстарынан алыс жүруі керек" деп жазды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Трамп Вашингтон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір