• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 13:05:02
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2019 NEWS

Қарағанды облысындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық саябағының 2,5 мың гектар жері өрт құшағында деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қарқаралыдағы Ұлттық саябақты тілсіз жаудан арашалау үшін құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс жасап жатыр. Өрт аумағының бүгінгі көрсеткіші – шамамен 2,5 мың гектар. Адам аяғы жетпейтін жерлерге тікұшақпен су себіліп жатыр. Бірақ жалын бой бермей тұр. Осыған орай, басшылық тарап өртті ауыздықтауға қосымша күш бөлуге шешім қабылдады.

Ұлттық саябақты аман сақтап қалу үшін ҚР Ұлттық гвардиясынан да күш қарастырылған.

«Бүгін оқиға орынына Ұлттық гвардияның №52859 әскери бөлімінен 85 адам жіберіледі», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарқаралы ауданының әкімі оқиға орынында жүр. ал қажет аймақтарға төтенше жағдай режимі жарияланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір