• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:59:29
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2012 NEWS

Жаңа министрлер кабинеті алғашқы шешімдерін қабылдады

Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд пен Социалистік партия мүшелерінен құрылған жаңа министрлер кабинеті алғашқы мәжілісін өткізіп, негізгі шешімдерін...

Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд пен Социалистік партия мүшелерінен құрылған жаңа министрлер кабинеті алғашқы мәжілісін өткізіп, негізгі шешімдерін қабылдады, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Олар өздерінің жалақысын 30 пайызға азайтып отыр. Жаңа үкімет экономиканы қайта құру және Еуропа елдерінің қаржылық дағдарысын шешу бағытында бұрынғы үкіметтен өзгеше саясат ұстанатынын жариялаған болатын. Президент Олланд Францияда әлеуметтік салаларға жұмсалатын қаржыны бұдан әрі азайтуды қаламайды. Олланд Еуропалық Одақ елдерінде қаржы үнемдеуге бағытталған жалпыеуропалық шарт құрлық елдерінде экономикалық өсімді тежеп отыр және оны өзгерту керек деген ұйғарымда. Бүгін ол Еуропаның экономикалық стратегиясы турасындағы пікірлерін Германия, мен Ұлыбритания және Италия сондай-ақ, Еуропалық Одақтың басқа елдерінің басшыларымен болатын телефон арқылы сұхбаттарында түсіндірмек. Еуропадағы дағдарыс мәселесі аптаның соңында АҚШ-та басталатын Үлкен Сегіздік саммитінің басты тақырыбы. Францияның жаңа үкіметі ел бюджетін теңгеру, яғни шығыс бөлігі мен кіріс бөлігін тең ұстау саясатын жүргізбек. Дегенмен, қазіргі дағдарыс кезінде бұл оңайға түспейді, деп хабарлайды Associated Press агенттігі. Ал жаңа министрлер көп нәрседен үмітті.

«Бір жағынан қобалжып тұрсам, екіншіден бойымда қанағат сезімі бар. Республика президенті мен премьер-министрі жақын күндері халықаралық деңгейдегі кездесулерге қатысып, дағдарысты еңсеру мәселерімен айналысады. Ал біз болсақ, бірден жұмысқа кірісуіміз керек. Алдымызда көп міндет тұрған шығар, дегенмен, әзіргі бағдарлама айқын», - дейді Мемлекеттік реформалар және қоғамдық қызмет министрі Мэрилиз Лебраншу.

Дереккөз: bnews.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір