• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:38:05
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 NEWS

3 жастағы қыздың мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды

Алматы облысында 3-жастағы қызды аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды,

Алматы облысында 3-жастағы қызды аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды, деп ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов мәлім етті.

«Бастапқыда күдіктінің үстінен ҚР ҚК 107 бабына сәйкес «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» іс қозғалған. Қазір 107 бап ҚР ҚК-ң 106 бабына «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» ауыстырылды», деп мәлімдеді Нұрахметов.

Айта кету керек, кішкентай қызды аяусыз тістелеген 1986 жылғы күдікті бұған дейін екі рет сотталған. Ол 2005 және 2013 жылдары зорлауға талпыну және тонау қылмыстары бойынша жауапқа тартылған. Өгей әкеден жәбір көрген 3-жастағы қыз ауруханада 20 күн бойы ем қабылдады. Енді баланың мұрнына пластикалық ота жасау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, сұмдық оқиға Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында болған. 3 жасар қызы бар Аяулым Матаева Ринат есімді еркекпен азаматтық некеде пәтер жалдап тұрған. Қайғылы жағдай болған күні ішімдікке тойып алған күйеуі әйелін араққа жұмсап жіберген. Ол кезде бүлдіршін шырт ұйқыда екен. Аяулым дүкеннен оралғанда Ринаттың баланы қинап жатқан жерінен түскен. Бұл кезде өгей әке баланың мұрнын тістеп, жұлып алып үлгерген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір