• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:22:00
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

27 жастағы ер адам қонағын бауыздап, басын пакетке салып, лақтырып кеткен

Қылмыскер  ер адамның кесілген басы салынған пакетке өзінің ұялы нөмірі жазылған қазғазды байқаусызда салып жіберген

Улан-удэ қаласының тұрғыны өзінің бөтелкелесін өлтіріп, денесін бөлшектеп қашып кеткен. Алайда қылмыскер  ер адамның кесілген басы салынған пакетке өзінің ұялы нөмірі жазылған қазғазды байқаусызда салып жібергендіктен тез арада ұсталған. Бұл туралы НТВ хабарлайды.

Қылмыс былтырғы жылдың қысында орын алған. Алайда ер адамның қылмысы тек осы жылы ғана дәлелделген. Ресейде орналасқан Улан-Удэ қаласының тұрғыны 27 жастағы ер адамға қонаққа танысы келген. Ішімдікке сылқия тойған екеуінің арасында біраз уақыттан соң жанжал орнап, үй иесі қонағын бауыздап салған.

Бурятия Республиксынан келген ақпаратқа сәйкес: «Қылмыскер ер адамның денесін балконға шығарып, оны қатырмақшы болған. Бір апта өткен соң денесін бөлшектеп, әр бөлігін пакетке салып қоқысқа лақтырған».

Біраз уақыттан кейін адамдар қоқыстағы дене бөліктерін тауып алған. Қылмыскер құрбанының басын салған пакетке байқамай өзінің телефон нөмірі жазылған қағазды салып жіберген. Полиция оны осы нөмір арқылы тауып, пәтеріндегі  ер адамның қалған дене бөліктерін табу арқылы қылмысын дәлелдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір