• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:49:45
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2012 Ұлы көш

Құмар Жұмахан. Шаңырағымның уығы

Өзге елді қайдам? Қытай еліндегі қазақтар қалаған кезінде шетелге шығатын төлқұжат ала алмайды. Ол үшін бұрындары арнайы шақырту қажет болған. Қазір «ішіне...

Өзге елді қайдам? Қытай еліндегі қазақтар қалаған кезінде шетелге шығатын төлқұжат ала алмайды. Ол үшін бұрындары арнайы шақырту қажет болған. Қазір «ішіне төлқұжатының көшірмесін салып, тиісті туыстары хат жазсын» деген жарлық шығыпты. Қазақтың бәрі туыс.  Ендеше қазаққа қазақ қосуға атсалысыңыз ағайын! Хат күтіп жатқан ағайынды біз айтып береміз... Сіз тек хат жазыңыз. Оралмандарға байланысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, сайтқа жариялау біздің мойнымызда. Бұл хаттар жай хат емес, тарихқа таспен жазылатын хат.

Хал қалай, бауырым!

Сәлем саған, Алтайым,

Тентегің сонша сағынды.

Жоғалып кеткен бір тайың,

Тарландап барып табылды! –деп жырлап еді кезінде Мағаз Раздан атамыз. Марқұмның сол өлеңі барша қазақтың тамырын дөп басқан еді. Рас. Үйірінен адасқан қасқа құлынға басқаның ноқтасы салынатыны сөзсіз. Тек темірқазығынан жаңылмаса ғана атажұрттың жусан исі өзі шақырады. Илайым, бүгінгі қазаққа бозінгеннің мейірін берсін дейміз.

Өзге елде ұлық болғанша, өз шаңырағыңа уық бол бауырым! Келуіңді асыға күтемін!

Құмар ЖҰМАХАНҰЛЫ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір