• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:41:54
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2018 Әлеумет

22-24 ақпанда елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

Алдағы екі күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

2018 жылғы 22-24 ақпан аралығында елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алдағы екі күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және көктайғақ болады.

Тұман түсуі ықтимал. Ресейдің еуропалық бөлігінен антициклонның кезекті келуіне байланысты батыста және онын жылжуына байланысты республиканың қалған бөлігінде де температура төмендейді.

Бұған қоса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір