• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:17:24
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Әлеумет

2018 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстанның демографиялық ахуалы

Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 20,8% көбейіп, 9 332 адам құрады, көші-қонның айырымы - 4 911 адам болды.

2018 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 18 232,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 492,2 мың (57,5%), ауылдықтар – 7 739,8 мың адамды (42,5%) құрады. 2017 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 238,5 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кесте

Халықтың табиғи қозғалысы

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 124,3 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,4% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,70 туылғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,3 мың адамға немесе 3,1% көбейіп, 79,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,24 адамды құрады.

Кесте

Кесте

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 44,8 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі 1095 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,9% көбейді.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 506 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,2% құрады. Туа біткен ауытқулардан 239 немесе 21,8%, тыныс органдары ауруларынан – 89 немесе 8,1%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 55 нәресте немесе 5% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 50 немесе 4,6% нәресте қайтыс болды. 

Кесте

2018 жылғы қаңтар-наурызда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,81 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 24,9% кеміп, 4 421 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 20,8% көбейіп, 9 332 адам құрады, көші-қонның айырымы - 4 911 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

  • ТМД елдерінен келгендердің үлесі 77,3%;
  • ТМД елдерге кеткендердің үлесі 88,8% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 31,7% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

  • Алматы қаласы – 11 905 адам;
  • Астана қаласы – 3 514 адам;
  • Оңтүстiк Қазақстан облысы – 708 адам;
  • Ақмола облысы – 26 адам;
  • Маңғыстау облысы – 20 адам қалыптасты

Кесте

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір