• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:27:47
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 Әлеумет

2017 жылы әлемде 993 өлім жазасы тіркелді

Адамдар өз кінәларын қинау, азаптау арқылы мойындағаннан кейін оларға өлім жазасы үкімі тағайындалып отырған.

Amnesty International ұйымының дерегіне сүйенсек, былтыр әлем бойынша 993 адам өлім жазасына кесілген, ал 2016 жылғы көрсеткіш 4 пайызға төмен болған.

Өлім жазасы әлемнің 23 мемлекетінде тіркелді. Көрсеткіштің 84 пайызы төрт мемлекетке тән. Олар: Иран, Сауд Арабиясы, Ирак және Пәкістан.  Ал 21,9 мың адам өлім жазасының орындалуын күтіп отыр.

Amnesty International дерегіне сүйенсек, Беларусия билігі өлім жазасынан бас тарту немес жазаны жеңілдету шараларын ойламайтын секілді. 2018 жыл басталғалы елде екі адам өлім жазасына кесіліп, төрт адам үкімнің орындалуын күтіп отыр. «Беларусия Еуропа мен Орталық Азияда өлім жазасына кесу шарасы жалғасып келе жатқан соңғы мемлекет», - делінген ұйының баяндамасында.

2017 жылы Гвинея мен Моңғолия барлық қылмыс үшін өлім жазасын алып тастады. Бұл жолды Кения да жалғастырды. Буркина-Фасо мен Чада да өлім жазасынан бас тарту туралы заң қабылдады.

Кей мемлекеттер есірткімен байланысты қылмыстардың бәріне өлім жазасын қолданады. Олар – Қытай, Иран, Сауд Арабиясы және Сингапур. Малайзия мен Вьетнамдағы өлім жазаларын орындау шаралары құпия түрде жүргізілетіндіктен есірткіге байланысты жазаны анықтау мүмкін болмады.

2017 жылы Сингапурда есірткімен ұсталған сегіз адамды дарға асты. Сауд Арабиясында да дәл осындай көрсеткіш байқалды.

Иранда 18 жасқа толмаған бес адам өлім жазасына кесілді, ал 80 адам үкімнің орындалуын күтіп отыр.

Amnesty International ұйымы анықтағандай, адамдар өз кінәларын қинау, азаптау арқылы мойындағаннан кейін оларға өлім жазасы үкімі тағайындалып отырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір