• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 05:40:53
Алматы
+35°

28 Қараша, 2017 NEWS

2017 жылы "Әлем аруы" атанған Деми-Ли туралы бес құпия (фото, видео)

Деми-Ли Нель Питерс - биылғы Лас-Вегаста өткен халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы.

Деми-Ли Нель Питерс - биылғы Лас-Вегаста 66-шы рет өткен халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы. Оңтүстік Африка Республикасының тұрғынын "әлемдік сұлулық" сайысын ұйымдастырушылары өздерінің Twitter парақшасында ыстық ықыласпен әлем аруларының қатарына қосылуымен құттықтап, жазба қалдырды.


Оған қоса, 2017 жылдың әлем сұлуларының үштігіне ямайкалық Давина Беннет және колумбиялық Лаура Гонсалес енді. Ал біздің елді "Алматы аруы 2016" байқауының жеңімпазы, 19 жастағы Камила Асилова таныстырды. "Әлем аруы" атану үшін жер шарының түкпір-түкпірінен келген 92 сұлу бақ сынады.

Камила Асилова

Қазақстанды әлемге таныстырған сұлу Камила Асилова

22 жастағы оңтүстік африкалық сұлу байқауда әйелдердің өзін-өзі қорғау мәселесін көтеріп, қазылар алқасын ақ жүрегімен, жанашырлығымен әйелдер мәселесін қаншалықты білетіндігімен таң қалдырды.

Сонымен қатар, Деми-Ли жалт-жұлт еткен тәж киіп, риясыз күлкісін паш еткен бірнеше секунд ішінде жанкүйерлердің "Әлем аруы" жайында, оның қалай бұл атаққа ие болғандығына аса қатты қызығушылық таныта бастағаны хақ.

"Сұлулық әлемді құтқарады" демекші, Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Әлем аруы жөнінде" сіз білу керек бес нәрсені назарыңызға ұсынады!

  1. Деми-Ли Нель-Питерс "Әлем аруы" тарихында 1978 жылдан бері Оңтүстік Африкадан қатысып, жеңімпаз атанған екінші ару. Ол Маргарет Гардинер есімді әйелден кейінгі екінші Оңтүстік Африка мақтанышы. Деми-Ли Африка контингентіне жарқыраған тәж бен зор мақтанышты алып келді.1978, Margaret Gardiner
  2. Деми-Лидің байқауда әйелдердің өзін-өзі қорғау мәселесін көтеруі жеке басынан өткен оқиғаға байланысты туындаған. Ол «Оңтүстік Африка» аруы атағын жеңіп алғаннан кейін бір ай өткен соң ұрланған және оған қару кезелген. Бұл жағдай ол үшін өмірлік тәжірибе болды. Оның бастамасы- әйелдерге өзін-өзі қорғауды және керекті дағдылармен қамтамасыз етіп, жоғарыда аталған оқиғаға ұқсас жағдайды болдырмау үшін іске асты.   
  3. Өзінің өте аз да болса бос уақытында Деми-Ли гольф ойнағанды ұнатады. Instagram-да спорт залынан түрлі жаттығулар жасау сәтін жариялап тұрғанмен, сұлу бикеш бойды тыныштандыратын көк шөпте гольф ойнағанды бәрінен де қатты жақсы көреді екен.
  4. Ол жақында ғана ЖОО -н тәмамдаған: Нель-Петерс Оңтүстік-Африкадағы Солтүстік-Батыс университетінен кәсіпкерлік мамандығын меңгерген.

5. Деми-Лидің ең басты ынталандырушысы оның 10 жастағы сіңлісі Франже: "Менің сіңлім дүниеге жарымжан болып келді және оның мүмкіндігі толығымен шектеулі. Ол менің өмірімдегі ең үлкен ынта-жігер мен шабыт беруші, ол арқылы мен өмірдің қаншалықты ерекше екенін түсінемін және ол үшін әрдайым екі есе ауыр жұмыс істегім келеді", дейді Деми-Ли.

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір