• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:02:24
Алматы
+35°

Американдық миллиардер Мэттью Меллонның қызы Араминта өзінің 16 жасқа толған туған күніне орай дүркіретіп тұрып кеш ұйымдастырған. Бойжеткен, тіпті, бір апта бұрын әкесін жер қойнына тапсырғанын да ұмытып кеткен тәрізді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Dni.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Криптовалюта арқылы мансапқа қол жеткізген кәсіпкер ұзақ жылдар бойы есірткіге тәуелділікпен күресіп жүрген. Мэттью 16 сәуір күні 54 жасында көз жұмды. Отбасындағы қайғылы жағдайдың орын алғанына қарамастан, кәсіпкердің үлкен қызы Араминта жоспарлап жүрген туған күн кешінен бас тартпаған.

Туған күн иесі кешке 200-ге жуық адам шақырған, кешке шақырылған қонақтардың тізімінде әйгілі рэпер Тррэвиса Скотта болған.

«Бәріміздің көңіліміз түсіп жүр, алайда Мэттью бұл кештің өтпей қалғанын қаламас еді», - дейді отбасының досы. «Кеш ұмытылмастай болып өтті», - дейді туған күнге шақырылған қонақтардың бірі.

Араминта – Мэттью Меллон мен оның бірінші әйелі Jimmy Choo брэндінің негізін қалаушы Тамараның жалғыз қызы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір