• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:25:39
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 Әлеумет

15 ақпан Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қалың қар жауып, жел күшейеді.

Қазгидромет 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қалың қар жауып, жел күшейеді.

Кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел күндіз 15-20, түнде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жел 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір