• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:49:00
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 NEWS

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалы сақталады, сонымен байланысты кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ байқалады, желдің кұшеюі, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды.

     Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, түнде Ақмола облысында екпіні 25 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің күшеюі  15-20 м/с, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.  Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір