• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:09:13
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2018 Әлеумет

10 міндет - нақты қадам

Елбасы Жолдауындағы нақты қадамдарды іске асыру алдағы міндеттер болып табылмақ.

Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жолдауды талқылау барысында қойылған 10 міндет талаптарын Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар жұмысы және запастағы офицерлермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы майор Халилов П.О. түсіндірді.

Ол сөзінде "Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауындағы 10 негізгі міндет елдің әл-ауқатының артуына зор мүмкіндік береді. Жолдауда эконмоикалық және әлеуметтік мәселелерге басымдық берілген. Себебі, әрбір міндеттің іске асырылуы жоғары деңгей мен сапалы нәтижені көрсетеді. Сондай-ақ әрбір міндеттің өзіндік орны бар"- деді.

Аталған іс-шарада Жолдаудың 9-міндетінде жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса назар аударылды. Сонымен бірге, бұл жолдаудың ерекшелігі - жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғасуы.

Қазіргі таңда заманауи технологиялардың қарқынды дамуына байланысты мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру - жылдам қызмет алуға мүмкіндік беретіндігі талқыланды.

10 міндет - нақты қадам. Өйткені, Қазақстанның жылдам дамуы цифрлық үрдістің оңтайлы және жылдам әдістерін қолдануға мейлінше мүмкіндік береді.

Елбасы Жолдауындағы нақты қадамдарды іске асыру алдағы міндеттер болып табылмақ.

Қарлығаш МҰСАБЕКҚЫЗЫ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір