• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:05:14
Алматы
+35°

21 Қаңтар, 2019 NEWS

Зимбабве президенті Қазақстанның тәжірибесімен бөліскісі келетінін айтты

Ақордадағы кездесуде екі елдің ынтымақтастығы мына бағыттар бойынша талқыланды: өндіріс – тыңайтқыштар мен мұнай

Бүгін Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Қазақстанға келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Мнангагваны қарсы алып, келіссөз барысында келелі әңгіме құрды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ақордадағы кездесуде екі елдің ынтымақтастығы келесі бағыттар бойынша талқыланды: өндіріс, тыңайтқыштар мен мұнай химиясы, білім беру және оқыту.

Қазақстан Зимбабве

Нақтырақ айтсақ, Африкадағы мемлекет цитрус жемістерін, кофе, шай және темекі өнімдерін Қазақстанға экспорттамақ. 
Ал Қазақстан зимбабвелік студенттер үшін медицина, машина жасау және ауыл шаруашылығы саласында стипендия ұсынуға ниетті.

Естеріңізде болса, Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келген Роберт Габриэль Мугабе ел экономикасын әбден құлдыратып,  Африка құрлығында ең кедей мемлекеттер қатарында қалдырғаны белгілі. 2017 жылы 93 жастағы Мугабе тақтан тайғаннан кейін жаңадан сайланған президент Мнангагва Батыс әлемімен және халықаралық қаржы институттарымен байланысты нығайтуға және қарым-қатынасты қалпына келтіруге барынша күш салды.

Қазақстан

Кездесу барысында Зимбабве президенті өз елінің қазіргі аxуалын 20 жыл бұрынғы Қазақстанға теңеді. Сонымен қатар, ол Қазақстанның экономикалық реформасынан сабақ алып, тәжірибесімен бөліскісі келетінін ағынан жарыла айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве президентіне барынша қолдау көрсететінін жеткізіп, ынтымақтастық пен сенім  үшін алғысын білдірді.  Мұнан кейін Мнангагва  Еуропаның төрт еліне сапарын жалғастырмақ.

Аргентина Айболатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір