• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:23:36
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2017 Фото-баян

Зорлық-зомбылықтың түрлі елдердегі жазасы қандай?

Бүгінгі таңда әлемде жәбірленуші қыздар мен әйелдердің саны күн санап артып келеді. Зорлаушы қылмыскер өз жазасын тартатыны анық. Алайда, жәбірленушінің...

Бүгінгі таңда әлемде жәбірленуші қыздар мен әйелдердің саны күн санап артып келеді. Зорлаушы қылмыскер өз жазасын тартатыны анық. Алайда, жәбірленушінің жағдайы қандай болмақ? Оған моральдық тұрғыдан ешкім көмек көрсете алмас. Тек қылмыскерге берілген жаза ғана жәбірленушінің көңіліне медеу болады.  

Қыз зорлап істі болған америкалық студент Брок Тернер сот шешімі бойынша 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл жазаға тұрғылықты халық түбегейлі қарсылық танытады. Барлық бұқаралық ақпарат жігітке берілген жазаның әділетсіз екенін айтып жар салады.

Өз қылымысы үшін лайықты жазаға тартылуын, ісінің тағы да қаралуы тиіс екенін сұрайды.

Ал, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес зорлау фактісімен ұсталғандар 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылады және 10 жылдан 20 жылға дейін белгілі бір лауазымды иелене алмайды немесе тек бас бостандығынан ғана айрылуы мүмкін.

Енді, басқа мемлекеттерде қыз зорлаған қылымскерлердің жазасы қандай болмақ? «Қамшы» порталы қорлық жасаған қылмыскерлерге қандай ауыр жаза қолданатынын анықтап, назарларыңызға ұсынады.

Солтүстік Корея


Бұл мемлекттің жазалау түрі ерекше – жәбірленушіге қылымскерді өз қолымен атуға мүмкіндік беріледі. Яғни, зорлаушы өзі жәбірлеген адамның қолынан өлім құшады.

Нидерланды


Нидерландыда күшпен ернінен сүю де қорлық көрсету болып саналады екен. Қылмыскер жасына әрі қылымысына сәйкес 4 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қытай

Қытайда зорлық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. Сондай-ақ, қылмысына байланысты сот үкімі жәбірлеушіге физикалық кастрация ісін де қолдана алады.

Иран

Зорлық жасаған қылмыскерге бұл мемлекет ауыр жаза қолданады. Дарға асады немесе ату жазасына кеседі. Қылмыскер өлім жазасынан қашпақ болған жағдайда, 100 мәрте қамшымен сабалып, өмір бойына бас бостаныдығынан айырылады.

Франция

Франция, Париж десе көз алдымызға романтикаға толы атмосфера елестейді. Алайда, зорлаушы адам ауыр жазаға кесіледі. Франция соты қылымскерді 15 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Қылмысы ауыр болса, өмір бойына бас бостаныдығынан айырылады.

АҚШ

АҚШ-та зорлаушы адамдар әр түрлі жазаланады. Әр 50 штат өзінше жаза қолданады. Ал егер іс әр штатта емес, федералды түрде қаралса, қылымыскер 30 жылға түрмеге тоғытылады.

Норвегия

Норвегияда зорлаушы адам қылмысының ауырлығына қарай 4 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ауғаныстан

Ауғаныстанда кінәлі деп танылған қылмыскер өлім жазасына кесіледі. Солтүстік Кореядағы секілді қылмыскер жәбірленуші қолынан қаза табады.

Ресей

Ресейде қылмыскер 3 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Үндістан

2013 жылы зорлаушы қылмыскерге байланысты Үндістанда жаңа заң қабылданды. Зорлаушы кем дегенде 14 жылға сотталады, ал қылмысы ауыр болса, дарға асылады.

Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясында басқа араб мемлекеттеріндегідей сот үкімі біте сала қылмыскер өлім жазасына кесіледі.

Мысыр

Мысырда бір жақсысы  түбі жамандыққа апаратын зорлық жайында халықаралық дәрістер жиі өтіп отырады.

Израиль

Израиль соты қылмыскерге 4 жылдан 16 жылға дейн бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарады.

БАӘ

Біріккен Араб Әмірліктерінде зорлаушы адам сот үкімі шығарылғаннан кейін 7 күн өткен соң өлім жазасына кесіледі.

Грекия

Бұл мемлекетте зорлаушы қылмыскерді түрме күтеді. Жазасы қылмысына қарай өлшенеді.

Украина

Украина мемлекетінде қылмыскер 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір