• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:51:47
Алматы
+35°

24 Тамыз, 2017 NEWS

Жириновский терроризмді қаржыландырды деп айыпталды

Украинаның бас прокуратурасы Ресей либерлады-демократиялық партияның басшысы Владимир Жириновскийді «Терроризмді қаржыландыру» бабы бойынша айыптап отыр.

Украинаның бас прокуратурасы Владимир Жириновскийді терроризмді қаржыландырды деп айыптады. Тергеу мәліметіне сүйенсек, 2014 жылы ЛХР және ДХР үшін қаржы жинаған қылмыстық топты басқарған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Украинаның бас прокуратурасы Ресей либералды-демократиялық партияның басшысы Владимир Жириновскийді «Терроризмді қаржыландыру» бабы бойынша айыптап отыр.

«Осы қылмыстық әрекеттер дерегі бойынша Украинаның бас прокуратурасы Украинаның Қылмыстық кодексінің 27-бабының 3-бөлігіне, 258-баптың 3-бөлігіне (Терроризмді қаржыландыру) сүйене отырып, Владимир Жириновский қылмыс жасады деген күдік келтірді», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тергеу осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға және оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты шараларды қолданып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір