• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:48:08
Алматы
+35°

24 Қаңтар, 2017 NEWS

Жиналыста есеп беріп тұрған губернатор есінен танып қалды

АҚШ-та Миннесота штатының губернаторы Марк Дейтон жиналыста сөз сөйлеп тұрып, есінен танып қалды деп хабарлайды

АҚШ-та Миннесота штатының губернаторы Марк Дейтон жиналыста сөз сөйлеп тұрып, есінен танып қалды деп хабарлайды 24.kz.

Ол жыл сайынғы дәстүрлі жолдау аясында халық алдында есеп беріп тұрған, деп хабарлайды AP.

Оқыс оқиға штаттың Сейнт Пол қаласында тапатал түсте болды. Жиналған жұрт алдында сөйлеп тұрған штат басшысының біртіндеп тілі күрмеліп, артынша талып құлаған. Оны сол жерде жақын отырған әріптестері қаумалап, әйтеуір жерге құлаудан аман сақтап қалды. Губернаторды ғимараттағы медициналық пункт дәрігері қарап, есін жинаттырды.

Жалпы Дейтон Миннесота штатының тарихындағы ең қарт губернатор болып табылады. Жасы жетпіске жеткен басшы 2 күннен кейін туған күнін тойлайтын болады.  

Айта кету керек, ол өткен жылы қыста қатысқан қайырымдылық кешінде де осылай есінен танып, құлаған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір