• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:21:48
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Журналистикадағы "ағалардың" флиртінен қалай сақтануға болады?

Журналистиканы армандап келген бойжеткен БАҚ табалдырығын аттағанда қатты қорқады.

Журналистиканы армандап келген бойжеткен БАҚ табалдырығын аттағанда қатты қорқады. "Осы жұмысты алып кете аламын ба?" деген үреймен өмір сүреді. Жұмыс жасайды. Жан-жағына жалтақтап қарап, мейірім мен қолдау күтеді. Оң-солын танымаған, алайда таланты, талабы бар келбетті қызға жаны ашитын, мақтау сөзін аямайтын "ағалар" пайда бола бастайды. Ағашкалар емес, "ағалар". Үйдегі үлкен ағаң құсап, қамқорлық танытады. Идея тастайды, ақыл-кеңесін аямайды. Қыз да "аға, аға" деп аңқылдаған сайын "ағаның" жаны кіреді. Сөйтіп біртіндеп-біртіндеп, құдай берген актерлік шеберлікті пайдалана отырып ағалық маскасын шешіп, өзінің шын бейнесін, шын ниетін көрсете бастайды.

Міне, осындайда абай болу қажет!
1. Флиртті сезген бойда әзілге салып, бетін қайтарып тастаңыз.
2. Ымды түсінбесе, қабағыңызды шытып, ашуланыңыз. 
3. Одан дым шықпаса, мүлдем сөйлеспей қойыңыз. Ол адам жоқтай кейіп танытыңыз.

"Қарындасым" деп жүріп қырындайтындар көбейіп барады

Ағалармен ашық ұрысуға кеңес бермеймін. Олардың көбісі шығармашылық адамдары, ақын жанды екендері түсінікті шығар. Ол қарындасына қырындап жүргенін өзі норма деп түсінуі мүмкін. Мақсат - қиялының быт-шытын шығару, бірақ базардағы қатындай салғыласпау. Қыздың қаһарына ұшыраған "аға" өзі-ақ жым болады. Уақыт өткен сайын өз-өзінен ұялып, қызарып, азап шегеді.

Журналистикаға енді келген қыздар "ағаларға" қатысты мынандай тактика ұсынуға кеңес беремін:

1. Шақырған жерлеріне бармау;
2. Жеке дара қалмау;
3. Қарызға ақша алмау;
4. Сұрамаса шай құймау;
5. Себепсіз күлмеу;
6. Ашық-шашық киінбеу;
7. Көздерінше боянбау.

Жазира Байдалының Instagram парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір