Журналистер Aikyn media open-де бақ сынады (ФОТО)

Журналистер Aikyn media open-де бақ сынады (ФОТО)

Алматыдағы Оқушылар сарайында журналистер мен блогерлер арасында шахматтан турнир өтті. Aikyn media open сайысына жалпы саны 30 адам қатысты. Демалыс күнін тиімді пайдаланған БАҚ өкілдері ой сергітіп қана қоймай, ұйымдастырушылар тарапынан берілген сыйлықтарға ие болды деп хабарлайды Qamshy.kz

Еліміздегі беделді басылымдардың бірі «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті 13 жылдық мерейтойына орай осындай шараны қолға алды. Төртінші билік иелерінің басын қосқан турнирге жас журналистерден бастап ардагерлерге дейін қатысты. Ойын швейцар үлгісінде өткендіктен, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары еді. Яғни жалпы саны 7 турда жинаған ұпай сандары есептеліп, қорытынды шығарылады. Суырылып үздік шыққан тілшіге Air Astana әуекомпаниясы Тегеранға бизнесс-класқа екі билет табыстады. Жеңімпаз аталған жолдамамен Иранның астанасына осы жылдың аяғына дейін қалаған күнінде бара алады.

Осыған дейін БАҚ өкілдері арасында өткізілген талай турнирде топ жарған Арсилан Алахуновқа бас жүлде бұйырды. «Ұйғыр авази» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісіне ғана есе жіберген жас блогер, шахматтан І-рарзрядқа ие Қуаныш Сүлейменге екінші орын бұйырып, «Кернеу Limited» атынан планшет табысталды. Қола жүлдеге талас қызу болды. Жарыс қорытындысында ұпай сандары тең түскен төрт ойыншыға да үшінші орын берілді. Дегенмен коэффициент бойынша Құмар Бақдәулет басым түсіп, планшет иегері атанды. Сәйкесінше, Байпейісов Асқат, Қаматаев Қанат пен Түсіпхан Нұрбек есімді журналистер де жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұдан бөлек белсенді қатысқан бірқатар тілшілерге бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және БІЗ» кітабы мен Ермахан Шайхының «Қоңыр қажының күнделігі» кітабы келгендерге үлестіріп берілді. Шахмат турнирін өткізуді дәстүрге айналдырамыз дейді газет басшысы.

Нұртөре ЖҮСІП, «Айқын» газетінің бас редакторы:

Газетіміз биыл бір мүшелге келіп отыр. Осы айтулы мерекені қалай өткізсек деп көп ойландық. Нәтижесінде шахматтан турнир өткізуге бел байладық. Бұл арқылы журналистердің қолынан шахмат ойнау келетінін көрсетіп, мықтылар ойынын кеңірек насихаттағымыз келді. Елімізге белгілі жас шахматшы Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы ашылды. Ұсынысымызды жерге тастамай, осы жерде өткізуімізге келісім берді. Осы шараның өтуіне ат салысқан барша жандарға алғыс білдіргіміз келеді. Турнирді алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұрамыз деген жоспармыз бар.           

Аян НЫСАНАЛИН, ардагер-журналист:

Мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұруы қажет. Себебі күні бойы жұмыстан бас алмайтын журналистер бір сәт сергіп қалғандары жақсы. Шахмат - ойы–дардың төресі. Өз тарапымнан айтар ұсынысым бар. «Айқын» газетінің ұжымы келер жылы тағы өткізетін болса, турнирді Тәкен Әлімқұловтың құрметіне қойса екен. Өйткені қаламгер-журналистер арасында дәл Тәкен ағаға тең келер қарсыластар болмаған. Өз арамызда кішігірім сайыстар жиі өтіп тұрады. Ардагер болсақ та, мүмкіндігінше қатысамыз. Ұйымдастырушыларға рахмет айтқым келеді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ұлттық банк елордаға көше ме?
    22/05 12:18 0 56
    2
    "Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…" – Елеусінов арадағы дауға нүкте қойды
    22/05 11:55 0 150
    3
    Ринат Заитов: Сайлау әділетсіз өтсе, халық алаңға шығатынына кепілдік беремін (видео)
    22/05 11:53 0 784
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    22/05 11:31 0 115
    Мың жылдық тарихы бар Маңғыстау
    22/05 11:11 0 91

    Таныстырылғандар

    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Мемлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 02:12 0 768
    Қасым-Жомарт Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
    Қасым-Жомарт Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
    Қасым-Жомарт Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
    Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 08:35 0 253
    Ғажап! Көгершін мешіт күмбезін көтеруге көмектесті(видео)
    Ғажап! Көгершін мешіт күмбезін көтеруге көмектесті(видео)
    Ғажап! Көгершін мешіт күмбезін көтеруге көмектесті(видео)
    Олардың ойларынша, мұнда бір тылсым құдірет бар.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 16:36 0 3501
    "Димаш, сен саясаткер емессің..."
    "Димаш, сен саясаткер емессің..."
    "Димаш, сен саясаткер емессің..."
    Димаш ұлым! Саған бір айтарым, сен қазір əлем білген əншісің.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 23:36 1 6969
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Естеріңізге сала кетсек, із-түзсіз жоғалған қызға мемлекетаралық іздеу салынған болатын...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 03:46 0 5411
    Елеусіновтің экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды (видео)
    Елеусіновтің экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды (видео)
    Елеусіновтің экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды (видео)
    Нью-Йоркте (АҚШ) америкалық нокаутер Гэри Антуан Расселл (9-0, 9 КО) мен никарагуалық Маркос Мохиканың (16-4-2, 12 КО) жекпе-жегі өтті
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 12:25 0 1704
    Зеленский ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Зеленский ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Зеленский ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:11 0 608
    Бұл такси бұрынғыдан өзгерек... (видео)
    Бұл такси бұрынғыдан өзгерек... (видео)
    Бұл такси бұрынғыдан өзгерек... (видео)
    Lillium Jet сағатына 300 шақырым қашықтықты бағындыруға қабілетті.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:23 0 482
    Суреттегі өрнекті таңдаңыз: Сіздің шынайы бет-бейнеңіз қандай? (тест)
    Суреттегі өрнекті таңдаңыз: Сіздің шынайы бет-бейнеңіз қандай? (тест)
    Суреттегі өрнекті таңдаңыз: Сіздің шынайы бет-бейнеңіз қандай? (тест)
    Бұл тест сіздің шынайы бет-бейнеңізді, жан дүниеңіздегі өзіңізге ғана мәлім мінез-құлқыңызды ашып көрсетеді.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:29 0 7940
    Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
    Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
    Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
    Федерация Кеңесінің спикерінің отставкаға кету мүмкіндігі туралы жазғаны үшін "Коммерсантъ" газетінің екі журналисті жұмыстан шығарып жіберді
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 22:23 0 277
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерді
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 03:03 0 539
    Атақты сән ханшайымы Коко Шанель туралы қызықты 10 дерек
    Атақты сән ханшайымы Коко Шанель туралы қызықты 10 дерек
    Атақты сән ханшайымы Коко Шанель туралы қызықты 10 дерек
    20-шы ғасырдың ең ұлы әйелдерінің бірі - Коко Шанель. Бұл француз ханымы әйел затына жәй киінуді ғана емес, сәнде әлемінде революция жасады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 12:29 0 410
    Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады
    Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады
    Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады
    Сол себепті де, Батыс елдерінде антиресейлік саясат жүргізіледі, шетсіз-шексіз санкциялар салынады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 12:20 0 1182
    "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады
    "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады
    "Зеленский Тоқаевтан үлгі алды" деген видео тарады
    Барлығы Украинадағыдай болғанын қалайды, бірақ Украина Қазақстандағыдай жасап жатыр
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 14:02 0 1132
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    Әлеуметтік желіде президент сайлауының үміткері, коммунист Жамбыл Ахметбекті халық сынға алды
    22/05/2019 11:31 0 117