• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:58:13
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Журналист Сәуле Әбединова келін іздейді

Халық арасында «Ақжүніс» аталып кеткен белгілі журналист Сәуле Әбединова тақиясыз періштесіне қыз іздейді. Бұл туралы ол

Халық арасында «Ақжүніс» аталып кеткен белгілі журналист Сәуле Әбединова тақиясыз періштесіне қыз іздейді. Бұл туралы ол инстаграм парақшасында жариялады.

«Балам Абзал. Қазақтың болашақ Оскар лауреаты, кинорежиссер! Екеуіміз бірігіп қаншама фильм түсіріп тастадық. Балам айтады, "Анашым, сіз 10 мың жазылушы жинаған күні мен де инстаға тіркелем" дейді. "Айтпақшы, инстада тек сурет салғаныңызға мәз болмай, өзіңізге ұнайтын келін қарай жүріңіз" деп қояды. Ал, 1993-2003 жылғы қыздар, мендей енелерің болғанын қаласаңдар, бүгіннен бастап мен Әмина апамын - тақиясыз періштеме қыз іздеймін... Анкеталарыңды жекеге жазып қалдыра беріңдер... Талаптарымыз: қазақша сөйлейтін, үлкендерге иіліп сәлем салатын, бала табудан қашпайтын, беттен алып, төске шаппайтын, ерте тұратын, тамақты дәмді пісіретін...Қысқасы, өзімнің топырағымнан жаралған келін керек...»

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір