• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:54:44
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Журналист медицинадағы былық-шылықты жайып салды

Операция жасатып, емделіп болғанымша, медицина саласындағы біршама былықтармен арпалысатын болдым-ау.

Ең соңғы рет мемлекеттік емханаға қашан қаралғаным есте жоқ. Әскерден кейін (1987-88 жж.) студенттік емханада комиссиядан өткенім бар еді. Сол соңғысы ғой деймін. Кейін айында-жылында "Сұңқарға" бас сұғатынмын. Ол кезде қызмет ақысы либералды еді. Қазір аспандап кетіпті. Енді көптен ойда жүрген денсаулығымдағы бір мәселені шешпек болғам. Ол үшін екі рет пышаққа түсуім керек. Өткен аптада мемлекеттік емханаға тіркеліп, дәрігерлердің қарауына жазылғам. Құдай сақтасын! Бірінші қабылдаған дәрігер УЗИ-ге, онкологиялық орталыққа биопсия алуға және томографияға жіберді.

Сонымен қоса, Алматы қалалық №20 ауруханадағы хирургтен де кеңес алуым керек екен. УЗИ №20 емханада бар. Бірақ маманы жоқ көрінеді. Сондықтан жекеменшік емхананың УЗИ-інен өтуге ұсыныс жасады. Дәл сол сияқты емханада томография аппараты да бар. Бірақ себебін білмеймін, ол да жұмыс істемейді. Қалалық диагностикалық орталықта томографияның кезегіне бір ай бұрын жазылады екенсің. Сондықтан томографияны да жекеменшік клиникадан өтуге ұсыныс жасады. Ең қызығы - жекеменшік клиниканы таңдай алмайсың. Дәрігердің берген визиткасы бойынша барасың. Тіпті, бір жекеменшік клиникаға 20 мың теңге төлесең, үйден мәшинемен әкетіп, УЗИ-ге өздері түсіріп береді екен. 

Кеше бір күнім тұтастай №4 аурухана мен №20 емхана арасында өтті. Бітірген түгім жоқ. Бірақ өзімше мынандай жаңалық аштым: №4 аурухана ішінде Диагностикалық орталық бар екен. Түгелдей ақылы қызмет көрсетеді. Дәлізге кіргеннен кілем төселген, прейскурантына көзім түсіп еді, теріс айналдым. Баға деген бой бермей кеткен. Ал тегін медициналық қызмет көрсететін бөлімде шұғыл жағдаймен түскен адамда есеп жоқ. Дәрігерлердің оларға қарауға сағаттап уақыты жетпей жатыр немесе қасақана қарамайды. Саусағы жұлынып кеткен бала екі сағаттан астам көмек ала алмай ыңырсып отырғанын көзбен көрдім.

Осында жарияладым. Сонда, біздің "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша бөліп жатқан миллиардтар қайда кетіп жатыр? "Міндетті медициналық сақтандыру" бойынша жиналған пәленбай триллион теңге қайда? Бүгін тағы да осы схема бойынша жүгіріп жүрмін. "Операция жасатып, емделіп болғанымша, медицина саласындағы біршама былықтармен арпалысатын болдым-ау" деп жыным келіп отыр! Енді маған жетпегені осы еді!

Тоқтар Жақаш-тың Facebook-тегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір