• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 17:59:33
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 NEWS

7 ақпанда Шымкент жақтан қаралы хабар келді. Елге белгілі хирург, Шымкент қалалық ауруханасының бас дәрігері Мәди Биғалиев 63 жасында аяқ астынан қайтыс болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жақындары қазаның себебін жүрек соғысының тоқтап қалуынан деп айтқан. Себебі бір жыл бұрын хирург операция жасатыпты.

Ал бүгін белгілі болғандай, Мәди Биғалиев өзін-өзі өлтірген. Тек суицидтің себептері тіпті дәрігердің жақындарына да белгісіз. Туыстары марқұмның денесін 7 ақпан күні 15:00-де тауып алған. 15:13-те жедел-жәрдем келді, алайда құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабына сәйкес «Өзін-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шымкент қаласының дәрігерлері үшін бұл қаза ауыр болды.

«Біз үшін бұл орны толмас қайғы. Қандай ашық-жарқын адам еді. Қаншама адам үшін жанталасты, өлімнен құтқарды. Қолдары алтын адамнан айырылып қалдық. Білсеңіздер ғой, оның қандай дәрігер болғанын...», - деді жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.  

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір