• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:54:55
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 NEWS

Жүйріктер топқа түсті

Шын жүйрікке шаршы алаңда тұсау жоқ.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ХI пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.

Шара университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш аясында дүбірлі додаға республиканың әр түпкіріндегі 17 ЖОО келген топтар таныстырылды. Атап айтатын болсақ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ,  С.Торайғыров атындағы ПМУ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,  Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет және т.б. бар.

Шын жүйрікке шаршы алаңда тұсау жоқ. Бірінші кезеңде арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, командалар таныстырылды.  Екінші кезеңде конверттегі арнайы тақырыптарға эссе жазылды. Қатысушылар шығармашылық еркіндікпен көзқарасын көрсетуге міндеттелді.

Байқаудың екінші күні Ертіс-Баян өлкесін танытуға бағытталған бейнероликтер байқауымен ерекшеленеді.  Олимпиада қорытындысы 16 сәуір күні жарияланады. Жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым минситрінің және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының дипломдарымен марапатталады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір