• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:38:29
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 NEWS

Жүргізушілер Астананы ластағаны үшін 14 млн теңге төледі

Салынған айыппұлдың  жалпы сомасы 14 млн 600 мың теңгеден асады.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері азаматтардың стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуіне жол бермеу мақсатында күнделікті белгілі бір іс-шараларды жүргізіп отырады. Осы ретте тәртіп сақшылары қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерді тексеруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тексеру жұмыстарының барысында жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ұлытау көшесінің бойындағы белгіленбеген орында «Камаз» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісінің батпақты төккенін анықтады. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 10 АЕК (24 050 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

«Ал 59 жастағы «Howo» маркалы автокөліктің жүргізушісі Тұран көшесінде белгіленбеген жерде бетон қалдықтарын төккені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы  «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарынабаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған салынған айыппұлдың мөлшері 20 АЕК (48 100 теңгені) құрайды», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша 558 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Салынған айыппұлдың  жалпы сомасы 14 млн 600 мың теңгеден асады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір