• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:26:53
Алматы
+35°

05 Қараша, 2018 NEWS

Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмыры жайлы мазмұнды ойлар айтылды

Ұлт қайраткері Темірбек Жүргенов қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан біртуар азаматтардың бірі

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен өнердің нағыз жанашыры Темірбек Жүргеновтің туылғанына 120 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.                                                                               

Жиын тақырыбы: «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» деп аталды. Ұлт қайраткері Темірбек Жүргенов қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан біртуар азаматтардың бірі. Шараның  мақсаты – Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі ұрпақ өкілдеріне кеңінен насихаттау еді.

Халықтың ардақты ұлы, мемлекет қайраткерінің 120 жылдық мерейтойы аясындағы салтанатты жиынның  ашылуымен Академия ректоры міндетін атқарушы, профессор Ш.Әмірбеков құттықтап,  жылы лебізін білдірді.

Жүргенов

Аталған конференцияға: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инситиуты директорының орынбасары, профессор С.Борбасов, М.Ұлуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры З.Ишанходжаева, Ресей-Тәжік славян университетінің кафедра меңгерушісі, доцент А.Артықов, қоғамдық қор, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, докторанттары, Темірбек Қараұлының туысқандары, сонымен бірге Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Б.Иманғалиев қатысты.

       Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, деректі фильм көрсетілді. Т.Жүргеновтің қайраткерлік, қаламгерлік, азаматтық болмысы жайында сөз болды. Жүргеновтанушы-ғалым Б.Иманғалиев Нарком Жүргенов туралы арнайы баяндама жасап, қайраткердің республика тарихында алар қоғамдық-саяси орны, қаламгерлік мұрасы, жас ұрпаққа берер өнегесі және тың ұсыныстарын жеткізді. Шығып сөйлеушілер де Ағарту комиссарының қилы ғұмыры, атқарған қызметі туралы естеліктер айтты.

Т.Жүргенов атындағы Қоғамдық қордың төрағасы Саби Ансат: «Дара тұлғаның қайраткерлігін бағалауда үш өлшем бар: – Биіктік, Тереңдік, Кеңдік. Табиғи таланттарды іздеп табу, тану, оларға жағдай жасап, өнер көгінде жарқырай көрінулеріне, аштықтан тұралаған, қансыраған мемлекетті үш жылда, яғни, 1936 жылы Мәскеудегі онкүндікте қазақ ұлтының рухы биік, мәдениеті мен әдебиетінің ешбір елден кем еместігінің көрініс табуы Жүргеновтің қайсар қайраткерлігі мен орасан зор іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілетінің ауқымдылығы, бір сөзбен айтқанда биіктігі еді. Мәскеуде оқып жатқан қазақ азаматтарына қаржылай демеушілік жасап тұрған және қазақ, өзбек, тәжік азаматтарын білімдерін көтеруге Ресейдің орталық қалаларына жіберген, олар өз кезегінде іргелі білім ордаларынан алған білімдерімен өз елдерінің мәдениетін, өнерін, әдебиетін көтерген. Бұл – Темірбек Жүргеновтің көрегендігінің және кеңдігінің дәлелі», - деп айрықша атап өтті баяндамасында.

Айта кету керек, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Имангалиев Бауыржан Белгілі жоғары оқу орындарында студенттер үшін Темірбек Жүргенов атындағы стипендия тағайындау, орта мектеп оқулықтарына «тұлғатану» бағдарламасы бойынша Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қайраткерлігі жайлы мағлұмат енгізу мәселелерін ұсынды.

Жиында  ғалымдар аса ірі мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен елге сіңірген еңбегі жайлы рухани-тағылымы мол ойларды ортаға салды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір