• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:56:53
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Жұмыс уақытынан тыс еңбек ету фактілері анықталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қатысуымен брифинг өтті

4 желтоқсанда Алматы қаласының өңірлік коммуникация қызметі алаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өтті. Брифинг барысында МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департамент басшысы Данияр Таумұрат атап айтқандай, мемлекеттік қызметкерлердің мүдделерін қорғау және қызмет орнын ауыстыруды азайту мақсатында, қаланың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, жұмыс уақытынан тыс еңбек ету фактілерін анықталды. Айта кетсек, шұғыл және көлемді тапсырмаларды орындау, жұмыс бабының қызметшілер арасында біркелкі емес жүктелуі және т.б. сияқты себептер анықталғанын хабарлады. Бірқатар мемлекеттік органдарда қабылданған шаралар нәтижесінде жұмыс уақытынан артық жұмыс істеген қызметкерлердің компьютерлері автоматты түрде сөндіріледі (статистика департаменті, еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті және т.б.), ал кіруді бақылау және басқару жүйесі(СКУД) күнделікті негізде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының режимін мониторингілеуге мүмкіндік берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір