• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:59:33
Алматы
+35°

17 Маусым, 2017 Әлеумет

Жүктіліктің 6-айында баласын алдыртқан әйелге халық үлкен қолдау көрсеткен

2 жыл бұрын 28 жастағы АҚШ азаматшасы Линдси Парадисо  аяғы ауыр екенін білген. Жұбайы екеуі бұл жаңалыққа қатты қуанған.

2 жыл бұрын 28 жастағы АҚШ азаматшасы Линдси Парадисо  аяғы ауыр екенін білген. Жұбайы екеуі бұл жаңалыққа қатты қуанған.

Жүктілік уақыты сәтті өтіп жатқан. Бірнеше тексерілімнен кейін Парадисо өзінде қыз болатынын білген. Жұбайлар кеңесіп сәбиге Омара есімін бермек болып жоспарлайды. Жұбайы Мет пен Линдси өздерінің сәбилерімен бақытты шақтарын елестетіп баланы қатты күтеді.

Алайда жүктіліктің 18- аптасында дәрігерлер ерлі-зайыптыларға суық хабар жеткізеді. Әлі туылмаған сәбидің мойнында ісік бары анықталған екен.

Дәрігерлер барлығын жақсылыққа жоруға тырысқанымен, уақыт өте келе сәбидегі ісік көлемі ұлғая береді. Сәбилері Омараның жағдайы қиын еді. Оның аман қалуы 1% құраған. Тіпті дүниеге келгеннің өзінде қыз көп ұзамай ісіктің кесірінен көз жұмар еді. Сондықтан Линдисиге дәрігерлер жалғыз шешім түсік, баланы алдыру деген.

Алайда АҚШ-та 24-аптадан кейін түсік жасатуға рұқсат етілмейді. Сондықтан Парадисо жұбайлары басқа жерге баруға тура келген.

Жүктіліктің 25- аптасында Линдсиге толғақ келтіретін дәрі енгізген. Омараның жүрегі ол дүниеге келген соң бірден тоқтап қалған.

Ата-ана үшін жалғыз жұбаныш-қыздарын бір сәтке болсын көріп қалу болды. Көріп, қолдарына ұстап, қоштасу болды.

Қазір Линдси әйелдердің  қауіпті жағдайларда түсік жасатуға құқығын қорғайтын қоғамдастықтың белсенді мүшесі. Жергілікті шенеуніктер рейтинг көтеру үшін бұл отаның түріне мүлдем тосқауыл қоймақшы. Ал бұл арқылы қаншама тағдыр мен отбасы шаңырағы ойрандалуы мүмкін екенін ешкім ойлап та жатқан жоқ.

Егер Линдсиге түсік жасатуға рұқсат бермегенде оның өміріне де, сәби өміріне де қауіп төнер еді.

Әрине, түсік жасату- жеңіл, оңай шару емес, ал оны заңдастыру тіпті бұрыс сияқты. Алайда әрбір жағдай жеке қарастырылуы тиіс. Себебі жалпы бұл процедураға тоқтау қоя салу оңай, дегенмен, кейбір жағдайлар ананың денсаулығы үшін қауіп тудыруы немес баланың аман қалуы мүмкін емес секілді салдардың қауіптілігі туралы да ойлану керек.

 

Шолушы: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір