• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:16:00
Алматы
+35°

02 Сәуір, 2019 Денсаулық

Жүктілерге 425 мың теңге төлене ме? Министр жауап берді

Министрлік уақытылы тіркеуге тұрмағаны үшін әкімшілік айыппұл салуды ұсынып отыр.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның жүктіліктің 12-аптасына дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдерге 425 мың теңге берілетіні туралы бастамасын растады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай норма денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасында қарастырылған. Өзгертулерге сәйкес, жүктілігі бойынша тіркеуге 12-аптаға дейін тұрған жүкті әйелдерге кемінде 10 ең төменгі жалақы мөлшерінің көлемінде материалдық ынталандыру төлемін енгізу ұсынылып отыр. «Жаңа кодекстің аясында азаматтардың денсаулығына жауапкершілікен қарауына бағытталған шаралар кешенін талқылап жатырмыз. Бүгінде денсаулық деңгейі бойынша ахуал көрсеткендей, өкінішке қарай, азаматтар өз денсаулығына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамай, көп жағдайда медициналық қызметкерлердің араласуын күтеді. Ең бірінші кезекте, бұл ынталандыру шарасы алдын алуға бағытталған», - дейді еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар, министрлік уақытылы тіркеуге тұрмағаны үшін әкімшілік айыппұл салуды ұсынып отыр. 
Бүгінде өзгертулер қоғамда талқыланып жатыр. Заң жобасы жаз мезгілінде парламентте қаралатын болады.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір