Жүкті Жанар: Тергеушілер қысым көрсетіп, мені ұрды

Жүкті Жанар: Тергеушілер қысым көрсетіп, мені ұрды
Ⓒnur.kz

Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне қатысты іс жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі өткен сот отырысында қылмысты жасырды деп айыпталған Жанар Толыбаева түсініктеме берді. Оның ішінде 7 айлық сәбиі бар екенін айта кетейік.

Толыбаева көлік ішінде әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир көріп отырғандықтан өзге күдіктілер Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновтің не жайында әңгімелесіп отырғанын естімеген. Достарының айна ұрламақ болған теріс ниеттері жайлы әйел білмеген. Ал мұны түсінгенде қылмыскерлермен сыбайлас болмай, басқа көшеге кетіп қалуды көздеді.

-«Олар мені алып кеткенде, түрлері бозарып кеткен еді. Нұралы рульде отырды. Қолының жарақаттанғанын байқап қалдым. Не болғанын сұрап едім, олар үндемеді. «Жоқ, аяғынан жарақат алса, өлмеуі керек» деген сөзді естіп қалдым. Кім айтқаны есімде жоқ, Нұралы секілді», - деді Толыбаева.

Оқиғадан соң үш күдікті "Шаңырақ" ықшамауданындағы үйлеріне барады. Олар Қиясовтың ағасының үйінде тұратын. Ағасы Нұралыны үйде қонбай, көлікті алып кеткені үшін қамшымен сабай бастаған. Ал Толыбаева пәтер жалдау үшін құрбысымен кездесуге барады, ол жерде оны Қапшағайға қыдыруға шақырады.

-«Қапшағайға жеткен соң, Арманға (Құдайбергенов) хабарластым. Ол төбелескен жігіттің қайтыс болғанын айтты. Ауылға кеткісі келді. Ал мен қалатынымды айттым, себебі бұл іске еш қатысым жоқ еді. Ал Арман "қандай жағдай болмасын, ендігі екеуміз бір-бірімізді танымауымыз керек" деді. Келістім. Сол күні достарым Денис Теннің қайтыс болғанын айтты. Әлеуметтік желіден күдіктілердің іздестіріліп жатқанын оқыдым, қаза тапқан жігіттің Тен екенін сонда түсіндім», - деді ол.

20 шілдеде Толыбаева киімдерін жинастырып жатқанда белгісіз біреулердің үйге кіріп, Нұралы мен Арманды сұрастырып жүргенін көрген.

-«Мен телефонымды қуаттағышқа қойып, Арманға хабарласып, мән-жайдан хабардар ма, жоқ па екенін білгім келді. Ол тұтқаны көтерді. Хабардар екен. «Нұралының ұсталғанын естідім. Мен қаладан кетіп барамын, мүмкіндік болғанда хабарласамын» деді де қоя салды. Қайда, қашан кететінін айтпады. Қайта хабарласқанымда, телефоны сөндірулі болды», - деді күдікті.

Нұралының ағасы Жанар мен құрбысын жаңа пәтерге апарды.

-«Мен Розыбақиев-Рысқұлов көшелерінен жолдан өтіп бара жатқанымда, мені полицейлер ұстады. Құрбым екеумізді көлікке отырғызып, алып кетті. Денис Теннің өлгенін айтып, қайсысымыз Жанар екенімізді сұрады. Кейін ІІД ғимаратына тергеуге алып келді», - деді.

Екі күн бойы полиция Арман Құдайбергеновті іздеген. Ал Толыбаеваға Арманның қайда жасырынғанын білетінін және айтуын талап етті.

-«Мен полицейлерге көмектесетінімді айтып, бұрын тұрған мекенжайларға апармақ болдым. Көлікке отырғанымызда Арман хабарласып қалды. Полицейлер сол арқылы Арманның қайда екенін анықтады. Төле би-Сайнға бардық, сол жерден Арманды ұстады», - деп күдікті болған жайтты есіне түсірді.

Ал Нұралы Қиясовты туыстары арқылы тапқан екен.

«Арманды ұстағанда, мен көлікте отырдым. Жанымда ІІД өкілдері болды. 20 шілденің кезі еді. Сол күні бірінші рет мен куәгер ретінде шақырған. Кейін 21 шілде қайта шақыртып, құжатқа қол қоюымды сұрады. Содан бері жібермеді. Алдымен тергеу бөлімі басшысының орынбасары Ғазиз Әукенұлына апарды. «Тағы алып-қосарың бар ма?» деп сұрады, жоқ дедім», - деп сөзін жалғады Толыбаева.

«Сол кезде маған қысым көрсете бастады: «Кім-кімді пышақтады, сен бәрін көрдің. Арман айтып берді», — деді. Сөйтіп бірнеше ақ қағаздарды алып, мені ұра бастады. Ештеңе көрмегенімді айттым, алайда сенбеді, ұруды жалғастырды. Сөйтіп тергеушіге апарды. Мен тағы ештеңе көрмегенімді айттым. Тек сөмкеде пышақтың болғанын көріп едім, ал сөмке Нұралының қолында болды», - деді Толыбаева.

«21 шілдеде мені ұстап, арнайы пәтерге апарды. Онда бармас бұрын, ұрып-соғу туралы анықтама болуы тиіс еді. Алайда істе ол жоқ. Тергеу бөліміне апарғанда соққыдан кейінгі жарақаттардың ізі де қалмады», - деді әйел.

Соталды тергеу барысында Жанар Толыбаева қысым көргені жайында айтпаған. Кейін күдікті кінәсін мойындағандай болды.

«Қылмысты көрдім деп айта алмаймын. Тек айнаның ұрланып жатқанын көрдім. Бұл жайында айтпап едім, енді мойындаймын», - деді Жанар Толыбаева.

Бұған қоса ол сот залында қазақстандықтардан және Денистің кешірім сұрады.

Денисті пышақтаған деп айыпталған Нұралы Қиясов денсаулығының сыр білдіргенін айтып, сотты дүйсенбіге ауыстыруды өтінген. Алайда судья соттың бұған дейін де кейінге қалдырылғанын ескеріп, сот отырысын бәрібір өткізді. Бұдан соң Қиясов түсініктеме беруден бас тартты. Медицина қызметкерлері Қиясовтың денсаулығында расында ақау бар екенін, алайда түсініктеме бере алмайтындай жағдай емес екенін айтты.

Бұдан бұрын түсініктеме Арман Құдайбергенов спортшыны өлтіргісі келмегенін айтып, барша қазақстандықтан кешірім сұраған.

2019 жылдың 3 қаңтарындағы сот отырысында үш күдікті де кінәларын мойындамайтынын айтты.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде авто ұрылардың қолынан қаза тапқан.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Тамшы
    19/03 09:31 0 7
    2
    Билікті қорлағандар мен фейк жаңалық таратқандар заңмен жазаланатын болады
    19/03 09:28 0 59
    3
    Қазан шұңқырлар. Адамзаттың Жер-ананы қорлағанының дәлелі дерсің...
    19/03 09:26 0 49
    Наурыз көжені ұлттық брендке айналдырудың 3 тетігі
    19/03 09:21 0 54
    Алты бауыры шетінеп кеткен әжейдің әңгімесі: Анам әкемді сыйламапты, бұл – соның жазасы
    18/03 17:14 0 2321

    Таныстырылғандар

    "Шешең жұрттың қақырығын жуады". Үлкендердің қорлығына шыдамаған оқушы асылып қалды
    "Шешең жұрттың қақырығын жуады". Үлкендердің қорлығына шыдамаған оқушы асылып қалды
    "Шешең жұрттың қақырығын жуады". Үлкендердің қорлығына шыдамаған оқушы асылып қалды
    Үйіне ашу-ызаға булығып келген Аслан ауласындағы мал қораға тізерлей отырып, асылып қалған.
    Аудио тыңдау
    13/03/2019 10:49 0 7752
    Риддер қаласының тұрғыны қызын зорлаған қылмыскерді соттамауды сұрады
    Риддер қаласының тұрғыны қызын зорлаған қылмыскерді соттамауды сұрады
    Риддер қаласының тұрғыны қызын зорлаған қылмыскерді соттамауды сұрады
    Бұл туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев хабарлады.
    Аудио тыңдау
    13/03/2019 17:39 0 1691
    Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті (видео)
    Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті (видео)
    Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті (видео)
    Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Медеу ауданында Тәтібеков пен Станиславский көшелерінің қиылысында болды.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 10:16 0 704
    ВИЧ-тен қайтыс болған 12 жастағы қыздың соңғы хаты: Анашым, күйіп барам...
    ВИЧ-тен қайтыс болған 12 жастағы қыздың соңғы хаты: Анашым, күйіп барам...
    ВИЧ-тен қайтыс болған 12 жастағы қыздың соңғы хаты: Анашым, күйіп барам...
    Ата-ана ауыр дертке шалдыққанын туған қызына да айтпапты.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 19:08 0 5406
    Қазақстанның тумасы америкалық БАҚ-ты таңғалдырды (видео)
    Қазақстанның тумасы америкалық БАҚ-ты таңғалдырды (видео)
    Қазақстанның тумасы америкалық БАҚ-ты таңғалдырды (видео)
    Сондай серуендеп жүрген кезінде америкалық БАҚ-тың жұлдызына айналды.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 22:41 0 1156
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Бала өзгелермен тең дәрежеде олимпиадаға қатысты.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 23:38 0 344
    "Бәрі өлді Үрімжінің қаласында..."
    "Бәрі өлді Үрімжінің қаласында..."
    "Бәрі өлді Үрімжінің қаласында..."
    Таңжарық – жазба поэзияның көркемдік деңгейін көтеріп қана қоймай, қазақ айтыс өнерінің де тарихи беттерін ашқан адуынды айтыскер
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 10:46 0 974
    Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын
    Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын
    Халық банк шетелдік банктермен бәсекеге дайын
    2017-2018 жылдары Халық банктің басты атқарған міндеті – Qazkom мен Hakyk банктерін біріктіру болды.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 14:32 0 354
    Рамзан Кадыров Головкин жайында пікір білдірді
    Рамзан Кадыров Головкин жайында пікір білдірді
    Рамзан Кадыров Головкин жайында пікір білдірді
    Бүкіл әлем Головкиннің рингке қайтып оралуын күтіп жатқанда, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров біздің чемпион туралы пікірімен бөлісті.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 15:01 0 3532
    25 жастағы әйел тоғыз минутта алты баланы дүниеге әкелді
    25 жастағы әйел тоғыз минутта алты баланы дүниеге әкелді
    25 жастағы әйел тоғыз минутта алты баланы дүниеге әкелді
    Мұндай құбылыс тек 4,7 миллиард адамның бірінде ғана кездеседі.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 10:46 0 649
    Сағадиев сарсаңға салды, Күләш келіп трендке айналды (видео)
    Сағадиев сарсаңға салды, Күләш келіп трендке айналды (видео)
    Сағадиев сарсаңға салды, Күләш келіп трендке айналды (видео)
    Бұл алдын-ала ұйымдастырылған пиар деген секілді пікірлердің де жоғын жасыра алмаймыз.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 11:04 0 3950
    Сталиннен қорықпаған қазақ қызы кім?
    Сталиннен қорықпаған қазақ қызы кім?
    Сталиннен қорықпаған қазақ қызы кім?
    Ол соғыс жылдарында штрафротада қызмет еткен жалғыз қазақ әйелі.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 11:54 0 237
    Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады
    Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады
    Жаңа Зеландиядағы атыс кезінде қаза болған Пәкістан азаматы ерлігі үшін марапатталады
    Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 14:11 0 182
    Мәсімовке арнаулы атақ берілді
    Мәсімовке арнаулы атақ берілді
    Мәсімовке арнаулы атақ берілді
    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 15:26 0 289
    Австралиялық жасөспірім мұсылмандарға жала жапқан сенатордың басын жұмыртқамен "жарды" (видео)
    Австралиялық жасөспірім мұсылмандарға жала жапқан сенатордың басын жұмыртқамен "жарды" (видео)
    Австралиялық жасөспірім мұсылмандарға жала жапқан сенатордың басын жұмыртқамен "жарды" (видео)
    Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түседі.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 16:34 0 1013