• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:09:23
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2019 Спорт

Жүкембаевтың жарқын жеңісі (видео)

Жүкембаев қарсыласын бірінші раундта-ақ  нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

18 мамырда қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев  мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Канаданың Монреаль қаласындағы "Montreal Casino" ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешінде бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг) жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев пен Луис Хесус Видалестің  арасындағы жекпе-жек 10 раундтқа жоспарланған болатын. Алайда, кәсіпқой бокста "777" лақап атымен танылып келе жатқан Жүкембаев қарсыласын бірінші раундта-ақ  нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

 

"Котто" лақап атымен белгілі мексикалық Луис Хесус Видалес 30 жаста. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста жүр. Бір кездесуден басқасының бәрін Мексикада өткізген. Ал Жүкембаев соңғы жекпе-жегін дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл - Батыр Жүкембаевтың кәсіпқой рингтегі 16 жеңісі. Шулық боксшы 13 жекпе-жекте қарсыластарын мерзімен бұрын ұтқан. Дәл қазір ол кәсіпқой боксшылардың рейтингін жарялап отыратын boxrec.com сайтының тізімінде өз салмағындағы 1690 боксшының арасында 27 орында келе жатыр.

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір