• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:40:17
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Жолдау: "Жиналысты қысқартып, жұмыс істеңдер!"

Елбасы жиналыстарды тек жарты сағатқа лайықтауға болатынын ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібін сөз етті. Айтуынша, шенеуніктердің күні тек отырумен өтеді.

«Соңғы күндері парламентте ұзақ отырыстар мен жиналыстар жиілеп кетті. Бір жылдың 100 тәулігінде жиналыс өтеді. Жұмыс істеу мүмкін емес. Мен жарлыққа қол қойдым ғой – үкіметке сейсенбіде ғана бару керек. Бірақ бармайсыңдар. Таңнан бері – отырыстар, түстен кейін – кездесулер. Дүйсенбі мен қабылдаймын. Бейсенбі – Парламенттегі есептер. Келісіп алайық. Не министрлер, не әкімдер немесе олардың орынбасарлары Ақордада жүреді», - деді президент.

Оның үстіне, жиналыстарды тек жарты сағатқа лайықтауға болатынын ескертті.

«Мемлекеттік жұмыста тәжірибем мол, жиналыстарды жарты сағатта өткізуге болады. Қиын мәселелерді ғана бір сағатқа созу керек. Мемлекеттік қызметші заң бойынша он екі сағатқа дейін отырмай жеті сағат қана жұмыс істеу керек. Бір күнде жеті рет жиналыс өткізесіңдер. Бақытжан, (Сағынтаев – премьер-министр)  айтшы, сен сонда қашан жұмыс істейсің? Сол үшін де елде не болып жатқанын бақылай алмай отырсыңдар ма? Мен орнатқан тәртіпті жүзеге асырыңдар! Адамдарға жұмыс істетіңдер», - деп ашуланды Елбасы.

Айта кетейік, Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларды атады.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір