• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:17:41
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Жолдау: Елге жаққан Жақып Асанов Елбасыға неге жақпай қалды?

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Білім жүйесі, тұрғын үй сапасы, жер мәселелерін айта келе Елбасы сот жүйесіндегі кемшіліктерді атады.

«Біріншіден, сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн. Екіншіден, сот жүйесіндегі кадрларды өзгерту арқылы сапалы дамуын қамтамасыз ету керек. Бұл туралы жиі айтамын. Мықты заңгерлерді жинау керек. Бірақ әзірге олай емес. Ол үшін бәрін жасадық.

Мінсіз сот практикасы қажет. Әсіресе, бизнес пен мемлекеттік құрылым арасындағы сот дауына келгенде мұны ескеру қажет. Сотқа халық мәселені шешу үшін жүгінеді, соны білесіңдер ме?

Бізде Совет одағында сотқа емес, партияның аудандық комитетіне шағымданатын. Бұл заңдылық. Ал заңға ешкім қарсы шықпайды. Адамдар шағымын президентке жазады. Себебі соттың әділ шешім шығаратынына сенбейді. Сол себепті сотқа тағы да міндет жүктегім келеді. 27 жыл болды. Баяғы судьялар отыр. Бірақ әлі мәселе шешілмей келеді», - деген Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты орнынан тұрғызды.

Әрі сотқа кәсібилік жетпейтінін тілге тиек етті. Елбасының сынына Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың жауабы дайын тұрды.

«Сіздің тапсырмаңыздан кейін үміткерлерді мұқият қарайтын болдық. 2 байқау өтті, жалпы 140 адам өзін ұсынды. Бірақ 140 адамнан 5-ақ адамды судьялыққа ұсындық», - деді Асанов.

Бұдан кейін Елбасы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовқа шүйлікті. Бүгінгі айтылғандарды тағы бір мәрте қайталатпауды бұйырды.

Айта кетейік, Елбасының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазаны өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Ал 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады.  үш тілді меңгерген кез келген этникалық топтың өкілі Президент бола алатыны айтылды. 2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақының және мұғалімдер жалақысының неше пайызға өсетінін хабарлады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір